Шетелдік ғалымдар киік қырғынына байланысты болжамдарын айтты

Шетелдік ғалымдар киік қырғынына байланысты болжамдарын айтты

Шетелдік ғалымдар киік қырғынына байланысты болжамдарын айтты
ашық дереккөзі
257

Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылу себептерін зерттеуге Ұлыбритания мен Германия ғалымдары жұмылуда. Шетелдік мамандар Қызыл кітапқа енген жануарлардың жүрген жолдарының барлығын зерттеп, алдын-ала болжамдарын ұсынып отыр, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Ғылыми экспедиция құрамындағы зерттеуші Штеффен Цутер киік қырғыны болған бес облысты түгел аралады. Киіктердің жүрген жолдарынан судың, топырақтың және шөптің сынамалары алынған. Олардың жартысы шетелдік зертханаға жіберілді, қалған бөлігі Қазақстанда зерттелуде. Зерттеудің алғашқы қорытындылары бойынша "Алтын Дала" табиғатты қорғау бастамасының халықаралық үйлестірушісі киіктердің қырылуына геморрагиялық септицемия себеп болғанын хабарлады. Бұл инфекция арқылы түрлі бактерия көп уыт шығарады. Киіктердің қырылуына сол себепкер болған. Зерттеушілер бұл бактерияларды кенелер таратуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында олар далада тым көп болатыны белгілі.

"Зерттеулер мен талдаулар бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында зерттеу нәтижелерінің басым бөлігіне қол жеткіземіз деп отырмыз. Келесі жылы киіктердің жаппай қырылуы болмау үшін мамандарға нақты жоспар құру керек болады", - деді ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Бақытбек Дүйсекеев.

134 мыңнан астам ақбөкеннің қырылуына нақты не себеп болғанын зерттеулер аяқталған соң білетін боламыз. Әзірге болжамдарды місе тұтуға тура келеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер киік қырғынына пастереллез себеп болды деген болатын. Әзірге шетелдік ғалымдардың көзқарасы бұл болжаммен тоқайласпай тұр.

Серіктес жаңалықтары