Рүстем Биғари – Білім және ғылым вице-министрі

Рүстем Биғари – Білім және ғылым вице-министрі

Рүстем Биғари – Білім және ғылым вице-министрі
ашық дереккөзі
349
 Рүстем Биғари білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Рүстем Биғари 1976 жылы 20 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Информатика және ЕТ мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Бостон университетінің (АҚШ) магистратурасын киберқауіпсіздікке мамандандырылған ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген, "Болашақ"бағдарламасының стипендиаты. Информатика, бақылау және басқару бағыты бойынша PhD докторы. Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да еңбек еткен. 2006-2009 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде бас сарапшы, кеңесші, ақпараттандыру секторының меңгерушісі лауазымдары бойынша жұмыс істеген. "Электронды үкіметті" қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысқан. 2009 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, Рүстем Биғари "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары