Eurasia Film Market халықаралық кинонарығы өтпек

Eurasia Film Market халықаралық кинонарығы өтпек

Eurasia Film Market халықаралық кинонарығы өтпек
ашық дереккөзі
236
2018 жылдың 1 шілдесінде XIV халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің аясында Eurasia Film Market атты халықаралық кинонарығы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл - жыл сайынғы кинематографистердің кәсіби кездесулері мен жаңа жобалардың таныстырылымына, бүкіл әлемдік киногерлердің пікір-тәжірибе алмасуына арналған іскерлік алаң. Еуразия кино нарығы медиа компаниялардың өкілдерімен сейлсагенттерді, дистрибьюторларды, теле және интернет платформа өкілдерін іскерлік кездесулерге, жаңа жобалардың таныстырылымдарына, сондай-ақ, тәжірибе алмасумен Қазақстан және Орталық Азиядағы кинобизнестің болашағын талқылауға Астана қаласына жинайды. Іскерлік алаң Wyndham Garden Astana (Тұрар Рысқұлов көш., 6/1) қонақүйінде болады. Eurasia Film Market қонақтарын іс-шаралардың презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, мастер-кластар секілді ауқымды бағдарламасы күтеді. EURASIA FILM MARKET аясында дәстүрлі Еуразиялық нарық жобалары (питчинг) сценарийлерді дамыту сатысында өткізіледі. Питчингке қатысуға Қазақстан және Орталық Азия халықтарының режиссерлері шақырылады. Нарық жобаларының ресми бағдарламасына қатысуға 10 жұмыстан алынады. Еуразиялық нарық жобалары - 2018-ге қатысатын жобаларды таңдауға қойылатын талаптар: - Сіз халықаралық және қазақстандық аудиторияға арналған әлеуеті жоғары толық немесе қысқаметражды фильмнің жаңа жобасын әзірлеуде болсаңыз (жанрына және бюджетіне шектеу жоқ); - Жобаларды ұсыну үшін құжаттар жиынтығына қойылатын талаптар (көркем, деректі, толықметражды, қысқаметражды): - Көркем немесе деректі, толықметражды немесе қысқаметражды кинофильм әзірленіп жатса; - Толтырылған сауалнама (сауалнама сұрау бойынша projectmarket@eurasiafestival.kz адресіне жіберіледі); - Орыс тіліндегі түйіндеме  (1-2 бет); - Сценаристің, продюсердің немесе режиссердің атынан жобаға авторлық көзқарасы орыс тілінде (макс. 1 бет). Питчинг кезінде жобаларды халықаралық сарапшылар бағалайды. Жеңімпаздарға сыйлықтар беріледі. Еуразиялық жоба нарығының ресми бағдарламасында болмаса да қатыса аласыз. Іс-шараға кіру тегін және қазақстандық киноиндустрия өкілдерінің барлығына ашық (продюсерлер, дистрибьютерлер, режиссерлер, сценаристер, студенттер және т.б.). Еске сала кетейік, осыған дейінгі жылдарда белгілі қазақстандық режиссер, сценарист Эмир Байғазиннің "Жаралы періште" атты жаңа жобасы "Берлиндік кинонарық-2014" байқауында неміс-француз ARTE телеарнасының жүлдесін жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары