Елбасы «Астана» қаржы орталығының жұмысын таныстырды

Елбасы «Астана» қаржы орталығының жұмысын таныстырды

Елбасы «Астана» қаржы орталығының жұмысын таныстырды
ашық дереккөзі
730
Бүгін Қытайға мемлекеттік сапары аясында осы елдің бизнес капитандарымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. China Construction Bank Қазақстанда өкілдігін ашпақ Нұрсұлтан Назарбаев туризмнің қытайлықтарға тартымды бағыттарын атады Қытайлық компаниялар Қазақстанда ІТ-стартап жобаларын жүзеге асыра алады -Елбасы «Біз өткен жылы ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткіздік. Оған қытайлық компаниялар да барынша белсенділікпен қатысты, сол үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ендігі уақытта аталған ныснадардың орнында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Оның құқықтың мәртебесі конституциялық заңмен бекітілген, ал жұмыс тілі ағылшын тілі саналады, ағылшын құқығы мен тәуелсіз арбитраж қолданылады», - деп атап өтті Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушыларға 50 жылға салықтық жеңілдіктер беріледі. Валюталық, визалық және құқықтық режім оңайлатылады. «Бұл - өңірдегі жұмысы ағылшын құқығына негізделген жалғыз орталық. Тәуелсіз сот, халықаралық арбитраждық орталық тараптардың құқықтарының әділ қорғалуына кепілдік береді. АХҚО жоғары технологиялы биржасын құруға Шанхай қор биржасы мен америкалық Nasdaq биржасы тартылды. АХҚО-ның жасыл, исламдық, инновациялық қаржылық құралдарды дамытуда өңірлік орталыққа айналуға барлық мүмкіншілігі бар. Бұған дейін айтқанымдай 5 шілдеде халықаралық қоғамдастық үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен жүздесті. Ал 10 маусым күні ҚР Президенті Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары