Субсидиядан қағылған фабрика тауықтарын тегін таратуда

Субсидиядан қағылған фабрика тауықтарын тегін таратуда

Субсидиядан қағылған фабрика тауықтарын тегін таратуда
ашық дереккөзі
840

Қарағандылықтарға тауық үлестірілмек. Қаладағы құс фабрикаларының бірі коммерциялық қиындықтарға байланысты өз меншігіндегі тауықтарды халыққа тегін таратуға мәжбүр. Бұл туралы Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құстарды таратқалы отырған кәсіпорын – Карл Маркс атындағы қарағандылық құс фабрикасы. Үштөбе ауылында орналасқан фабрика 2015 жылдың басында мемлекеттік субсидия алуға өтініш берген. Жергілікті әкімдік қиындыққа тап болған кәсіпорынға көмектесуге уәде беріпті. Келісім бойынша компания сәуір айында субсидия алу керек болған. Алайда жергілікті билік уәдеден тайқыған. Мемлекеттік қолдаудан қағылған фабриканың өз өнімін нарыққа шығару мүмкіндігінен айрылып отыр.

Бірақ сарапшылар өндірушінің нарыққа шыға алмай отырғанын субсидияның берілмеуімен байланыстыру қате екенін алға тартады. Өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша субсидиялау аясында берешек 395 млн. теңгені құраған. Бұл – қарағандылық құс өсірушілердің үлесі. Ал республика бойынша қаралған қаржының көлемі бұдан бірнеше есе көп.

Жағдайын тұрақтандыру үшін Карл Маркс атындағы құс фабрикасына 85 млн. теңге субсидия сұрапты. Алайда бұл – қолдаудан қағылған жалғыз компания емес. «Орталық Құс» кәсіпорнына да көктемде 136 млн. теңге субсидияға қол жеткізе алмады.

Серіктес жаңалықтары