386
Қарағандыда балабақша иесінің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда балабақша иесінің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды
Қарағандыда жекеменшік балабақшалардың иесі алаяқтық жасады деп күтіктелуде. Оның үстінен 22 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Е.karaganda сайтына сілтеме жасап.
Зардап шегушілердің сөзінше, балабақшаларға иелік ететін әйел бір нұсқаны қолданған: ата-аналардан әртүрлі сылтаумен қарызға ақша алып,оларды қайтармаған. «Менің балам «Ромашка» жекеменшік балабақшасына барған. Онда бара бастаған алғашқы күні-ақ бізге мекеме иесі Анна Богатова хабарласып, үлкен соманы - 900 мың теңге қарызға сұрады. Бізде мұндай ақша болды. Оны бір шартпен беруге келістік: баламыз 6 жасқа толғанға дейін аталмыш балабақшаға тегін барады, ал қарызын үш айдың ішінде қайтаратын болды. Қолғаты да бар. Бұл мерзім өтіп кетті. Қазір анықталып отырғаны - ол иелік еткен бірнеше балабақша жабылып қалған. Нақты айтқанда, олардың барлығы сатылып кеткен. Әйел банкрот болған. Қарыз алған адамдарының саны 20-дан астам екен. Біз полицияға арыз жаздық», - деді Татьяна есімді әйел. Ал Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті «Ромашка» ЖШС директорының үстінен 22 қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. «Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің өндірісінде бірқатар қылмыстық іс (22) бар. Олар алаяқтық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша «Ромашка» ЖШС директоры А.М.Богатованың үстінен қозғалған және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта А.М. Богатоваға үйқамаққа алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы Қазыбек аудандық сотына өтінімхат жолданды. Іс бойынша тергеу жалғасуда», - деп атап өтті ІІД-ден. Өз кезегінде қалалық Білім басқармасы «Ромашка» ЖШС-мен келісімшарттар жасаспағанын айтуда. Сол себепті жағдайға араласуға құқығы жоқ.