«Алтын төбе» сақ қорғанында жұмыс қайта жаңғырды

«Алтын төбе» сақ қорғанында жұмыс қайта жаңғырды

«Алтын төбе» сақ қорғанында жұмыс қайта жаңғырды
ашық дереккөзі
657
Железин ауданында 50 жылдан кейін «Алтын төбе» сақ қорғанында археологиялық қазбалар жұмысы қайта жаңғырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Железин ауданының әкімі Қанат Қашкиров мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  «Алтын төбе» сақ қорғандары Новосібір облысымен шекаралас Жаңажұлдыз ауылында орналасқан», - деді аудан басшысы. - Соңғы рет мұндай қазба жұмыстары 70-ші жылдары профессор Чалая келгенде ғана жүргізілді. Ол жылдары профессор алғашқы адамдардың тұрағын зерттеген болатын. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл жұмысты қайта жаңғыртып отырмыз.  Кеше ғана ауданға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Марғұлан» орталығынан мамандар келді. Алдағы уақытта оларға орталық жетекшісі Тимур Смағұлов қосылады. Сонымен қатар, ауданның 70-ке жуық жоғары сынып оқушылары да осы экспедицияға қатысуға деп ниет білдіруде. Экспедиция техникамен және өзге де жабдықтармен қамтылған». «Марғұлан» орталығының жетекшісі Тимур Смағұлов экспедиция екі айға жалғасатынын айтты. - Біздің мақсатымыз - көшпенділердің бірегей ескерткіштерін зерттеу. Осы жерде алғашқы рет арнайы ғылыми бағдарламаны қолданып, жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Экспедиция маусым және шілде айларында  өтеді, - деді Тимур Смағұлов. Қанат Қашқировтың айтуынша «Алтын төбеде» жүргізілген зерттеулер нәтижесі ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылатын болады.

Серіктес жаңалықтары