325
Тәжікстан жемқорлық жазасын күшейтті
Тәжікстан жемқорлық жазасын күшейтті
Тәжікстан парламенті 13 маусымда Қылмыстық кодекске түзетулер енгізді. Заң пара беру немесе алу қылмысына жазаны күшейтуді қарастырады.
Күш құрылымдары жемқорлық қылмысы үшін айыппұл салуды қарастыратын қазіргі заң жұмсақ деп есептейді.
Жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Тохир Нурзоданың айтуынша, "статистика соңғы екі жылда жемқорлық көрсеткішінің артқанын көрсетті". "Мұндай қылмыстарға салынатын айыппұл оған кедергі бола алмай отыр. Сол себепті біз, БҰҰ ұсыныстарын ескере отырып, жемқорлық қылмыстарға айыппұлды алып тастау керек деп шештік", - деді ол.
Депутаттар заң жобасын қабылдады.
Екі жыл бұрын Тәжікстан парламенті заңға түзету енгізіп, ол бойынша "жемқорларға" бір түрме күнін 200 сомониге (22 доллар) ауыстыруды енгізген.