Парламент БҰҰ миссияларына бітімгерлер жіберуді қолдады

Парламент БҰҰ миссияларына бітімгерлер жіберуді қолдады

Парламент БҰҰ миссияларына бітімгерлер жіберуді қолдады
ашық дереккөзі
217
Парламент БҰҰ миссияларына бітімгерлер жіберуді қолдады Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік күштерін БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсынысын қолдады. Президент сонымен қатар Ливанға "БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қызмет етуге 120 әскери қызметкер жіберу туралы ұсыныс жасап, депутаттар оған да қолдау білдірді. Президенттің ұсынысын Астанада 15 маусымда ашылған парламент палаталарының біріккен сессиясында қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов оқып берді. Министр Қазақстан қарулы күштерінің 40 офицерін "БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясы, Кипрдегі бейбітшілікті қолдау жөніндегі қарулы күштері, Үндістан мен Пәкістандағы әскери бақылаушылар тобы, Ливандағы БҰҰ уақытша күштері, Батыс Сахарада референдум жүргізу миссиясына әскери бақылаушы және штабтағы офицер ретінде қатысуға жіберу туралы ұсыныс айтты. "Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшесі. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жасаған саяси үндеуінде БҰҰ-ның бейбітшілік қолдау жөніндегі миссиясында өзінің әскери бақылаушылары мен бітімгерлері санын ұлғайтқысы келетінін мәлімдеген" делінген Назарбаевтың үндеуінде. Қазақстан президенті үндеуінде Конституцияның 53-бабына сай Ливандағы "БҰҰ уақытша күштері" миссиясына Үндістан қарулы күштері бөлімінің құрамында қызмет ететін 120 әскери қызметкерге дейін бітімгерлік контингентін жіберу туралы ұсыныс жасады. Қазақстанның Ливанға БҰҰ күштері құрамында өз бітімгерлерін жібергісі келетінін биыл сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеген. Мәжіліс пен сенаттың бірлескен отырысын мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ашты. Сессияға премьер-министр, үкімет мүшелері, Есеп комитетінің төрағасы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысып отыр.  

Серіктес жаңалықтары