Сейітқазы Матаев Қазақстан журналистер одағы басшылығына қайта келді

Сейітқазы Матаев Қазақстан журналистер одағы басшылығына қайта келді

Сейітқазы Матаев Қазақстан журналистер одағы басшылығына қайта келді
ашық дереккөзі
353
Сейітқазы Матаев Қазақстан журналистер одағы төрағасы болып қайта сайланды деп хабарлайды "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры. 14 маусымда есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, қоғамдық бірлестіктің жетекшісін сайлады. Қоғамдық ұйымның 2017 жылғы жұмысына есеп беріліп, биылғы жыл мен келер жылдың іс-жоспарлары анықталған. Бірлестіктің мүшелері журналистердің бостандығы мен құқықтарын қорғау үшін заң шығару ісіне белсене қатысу керек деп атап өткен. Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет (ҚазТАГ ақпарат агенттігін басқарған) бюджет қаржысын жымқырды, салықтан жалтарды деп айыпталған. Оларға қатысты сот үкімі 2016 жылдың қазан айында Астана қаласы № 2 Есіл аудандық сотында шықты. Сейітқазы Матаев алты жылға сотталып, мүлкі тәркіленсе, ұлы Әсет бес жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін рақымшылық заңына байланысты Сейітқазы Матаевтың мерзімі екі жыл сегіз айға қысқартылды. Былтыр 4 желтоқсанда ол бостандыққа шықты.

Серіктес жаңалықтары