Ақжарқынның жазасы жеңілдеуі мүмкін

Ақжарқынның жазасы жеңілдеуі мүмкін

Ақжарқынның жазасы жеңілдеуі мүмкін
ашық дереккөзі
360

Есірткі тасымалдағаны үшін Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың африкалықтар қылмысьық топқа алданғаны дәледенсе, жазасы жеңілдеуі мүмкін. Бұған дейін отандасымыздың нигериялық есірткі мафиясының құрығына ілінгені хабарланған еді. Бұл нұсқаны Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов те растады: «Ресми дереккөз бен БАҚ арқылы Ақжарқынның нигериялық қылмыстық топтың құрбаны болғаны айтылуда. Мен қылмыстық топтың бұл іске қатысы бар болуын жоққа шығармаймын. Өткен жылдың аяғында бұл туралы айтқан болатынмын. Сондай-ақ, осындай жағдайға ұшыраған өзге елдің азаматтарын, әсіресе, ресейлік Мария Дапирканың ісін де назарда ұстап отырмын. Вьетнамда ұсталған ресейлік қыз бен Ақжарқын Тұрлыбайдың басындағы жағдай қатты ұқсайды. Бұл жайтты есірткі тасымалына Ақжарқынның қатысы болмағандығын көрсету үшін пайдалануға болады», – дейді адвокат. Африкалықтарға алданған Ақжарқын мен Мария жат елге есірткі жеткізгені үшін тұтқындалған болатын. Біздің қандасымыз Қытайда, ал Дапирка Вьетнамда ұсталды. Екеуінің де нигериялық азаматтармен байланысы болған. Ақжарқын Джонни есімді нигериялықтың нұсқауы бойынша Гуанчжоу әуежайынан брендтік киім алып өтпек болғанда құрықталса, ресейлік Мария Дапирка Ник есімді нигериялық жігіті сыйлаған шабаданнан есірткі табылып, қолға түсті. Тәртіп сақшыларының қолына түскен Ақжарқынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазақ қызы Қытай жерінде өмірінің соңына дейін темір торға қамалды. Ал Марияның жазасы тіпті ауыр болды, ол өлім жазасына кесілді.

Серіктес жаңалықтары