АСТАНА ӘЛЕМНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ҚАЛАСЫ АТАНУЫ МҮМКІН

АСТАНА ӘЛЕМНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ҚАЛАСЫ АТАНУЫ МҮМКІН

АСТАНА ӘЛЕМНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ҚАЛАСЫ АТАНУЫ МҮМКІН
ашық дереккөзі
464

Елордамыз Астана қаласы
АҚШ-тың Интеллектуалдық қоғамдастықтар форумы дәстүрлі түрде жыл сайын әзірлейтін
дүние жүзіндегі зияткерлік қалалар қатарына қосылды.

Әлемнің
үздік зияткерлік 21 қаласын анықтайтын бұл тізімге қазақстандық қала тұңғыш рет
енді. 21 үміткердің қатарына АҚШ-тың бес, Австралия мен Тайваньның төрт,
Канаданың үш, Бразиялия, Кения, Жаңа Зеландия және Жапонияның бір қаласы бар. Қазақстанның
бас қаласы Астананың да «әлемнің зияткерлік қоғамдастығы» атануына мүмкіндігі бар.
Зияткерлік қалалар қатарынан көрінгісі келетін қалалар жайлы әуелі
қоғамдастыққа толыққанды ақпарат берілуі тиіс. содан кейін үміткер қалалардың
ішіндегі үздігі негізгі бес көрсеткіш
бойынша бағаланады. Бұл көрсеткіштер арқылы үміткер қалалардың бәсекеге
қабілеттілігін және жеңіске лайықтылығын айқындайды. Дәстүрлі түрде өтетін
іріктеудің биылғы тақырыбы – «Революциялық қоғамдастық» болып бекітілді. Биылғы
жылғы «зияткерлік қоғамдастық» атағына үміткерлер инфрақұрылымдық дамуы,
қазіргі заманғы технологияларының деңгейі, қалалық жоспарлауға енгізетін
инновациясы бойынша сынға түсіп, бағаланады. Қалалардың бағасын беретін –
тәуелсіз зерттеу фирмасы. Тәуелсіз зерттеу фирмасының берген бағасы бойынша
2015 жылдың маусымында Канаданың Торонто қаласында өтетін шарада жоғарыда
аталған қалалардың бірі үздік зияткерлік қоғамдастық атағына ие болды. Соңғы ресми
шара өтетін Торонто қаласы 2013 жылы «Зияткерлік қоғамдастық» атанған қала.

Серіктес жаңалықтары