Ағайынды алаяқтар 24 және 18 жыл арқалады

Ағайынды алаяқтар 24 және 18 жыл арқалады

Ағайынды алаяқтар 24 және 18 жыл арқалады
ашық дереккөзі
242

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған қылмыстық соты ағалы-қарындасты қылмыскерлерді 24 және 18 жылға бас бостандығынан айырды. Олар 57 жастағы Балапия Қашымованы айуандықпен өлтіргені және пәтер алаяқтығымен айналысқаны үшін айыпталған болатын. Үкімді оқыған судья: «Аслан Сарденешев алдын ала келісім бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттер жасап, адамды айуандықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылсын. Оны 24 жылға, Гүлнәр Қарабаеваны 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді. Сондай-ақ, сот ағалы-қарындасты қылмыскерлерге қайтыс болған әйелдің балалары Қахар мен Ләйлім Қашымоваларға 11 млн. теңге көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеу жазасын қоса берді. Іс материалдарына сүйенсек, қылмыскерлер кәсіпкер әйелді өлтірмес бұрын әбден азаптаған. Марқұмның денесі Павлодар ауданына қарасты Красноармейка ауылының маңындағы орман алқабынан өрт сөндіру барысында табылды. Жауыздар Б.Қашымованың басына полиэтилен пакет кигізіп, аяқтарын сындырып тастаған. Аслан Сарденешев пен Гүлнәр Қарабаева кісі өлімінен басқа да ірілі-ұсақты қылмыстар жасады. Іс материалдарына сүйенсек, олар иелері қайтыс болған үш үйді айлакерлікпен сатып жіберген.

Серіктес жаңалықтары