Қазақстанда Mcdonald's
Қазақстанда Mcdonald's
Mcdonald’s жеңіл тағам
желісі дүниежүзіне танымал. Алғаш АҚШ-та ашылған бұл компания жылдам әрі жеңіл
асымен әлем елдерін жаулаған. Көптеген мемлекеттер де Mcdonald’s ашылып, жергілікті халықты бургер мен пастаға үйретті. Осы брендтің ізімен
көптеген асханалар ашылып, Американың дәстүрлі тағамдары түбегейлі өзгергені де
жасырын емес.
Көктем айларында – наурыз, одан кейін мамырда осынау асхана желісі
Қазақстанға да келеді деп жазды кейбір ақпарат көздері. Көп ұзамай бұл
әңгіменің тіпті болмағанын, Mcdonald’s-тың Қазақстанға келу туралы жоспары да
жоқ екені белгілі болды. Десе де Vlast.kz сайты аталмыш брендтің елімізге күзде
келуі мүмкін деген болжама жасаған. Олардың Қазақстанға асықпайтыны да белгілі.
Біріншіден, бұл тағамдарға бәсеке боларлық ұлттық, туысқан халықтардың өте
дәмді және арзан тағамы бар. Екіншіден, дәп осындай жеңіл тағам әзірлейтін, BurgerKing
сияқты басты бәсекелестері Қазақстанға келіп қойған. Аталмыш БургерКинг
компаниясының Қазақстан нарығына қалай, кім арқылы енгені белгілі. Атап айтсақ,
бай кәсіпкер Болат Өтемұратовтың осы компанияда өз үлесі бар. Mcdonald’s-тың Қазақстан ас нарығына асықпайтыны да
сондықтан. Қолдап-қолпаштайтын
жергілікті монополистердің көмегі қажет.
Жалпы, Америкаға сапарымда асты Mcdonald’s желілерінен
алуға тура келді. Асы өте дәмді деп айта алмаймыз, дегенмен басқа ас
ұсынушыларға қарағанда тағамы анағұрлым арзан. Бұған Еуропаға келгенімізде де
көз жеткіздік.