Оймақтай ой! Келесі жағымсыз кейіпкер - Жаяу Мұса ма?

Оймақтай ой! Келесі жағымсыз кейіпкер - Жаяу Мұса ма?

Оймақтай ой! Келесі жағымсыз кейіпкер - Жаяу Мұса ма?
ашық дереккөзі
274

Серік Әбікен

«Алдар көсені балаларға насихаттауға болмайды, ол – алаяқ, алдамшы
біреу. Оның үйретері – заң бойынша жазалауға лайық қылмыс – алаяқтық»
К. Бұрханов.
Менің түсінігімдегі Алдар көсе -қазақтың Робин
Гуды еді. Тек садағы -ақылы, жебесі -ұшқыр ойы. Соңғы кезде Алдекеңмен
алысушылар көбейді. Ұрлағанын оффшор-көрпенің астына жасырып, есіктен
сығалаған Қазаққа “Шық, әй” дейтін байлары көп заманда данышпан көседен
асқан жау болмаса керек. “Ертегі Қазақстанда” өмір сүріп жатқандар
“ертегі елінің еркесі -Алдекең есіктен кіріп келе ме?!” деп күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан айырылса керек. Әйтпесе, кедей-қазақтың “ұзында
кеткен өшін, қысқада кеткен кегін” алып берген Алдекеңнің ертегіде
жасаған “қылмысымен” күресу тым аянышты емес пе))) Ал үйіне түскен
ұрыға жүгін көтерісетін Қожанасыр әпенді оларға ұнайды!
п.с. Менің ұғуымша депутаттар үшін келесі “жағымсыз” кейіпкер, әнші Жаяу Мұса болмақ. Ол “аттыдан жаяу жүріп кек алған” еді.

Серіктес жаңалықтары