Пәкістанда әскери операция жалғасуда

Пәкістанда әскери операция жалғасуда

Пәкістанда әскери операция жалғасуда
ашық дереккөзі
378

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Солтүстік Вазиристан провинциясында үкімет күштерінің исламшыл содырларға қарсы әскери операциясы жалғасуда. Әскери операцияға әскери авиация мен артиллерия да қатысуда. Бұл операция – биліктің “Өзбекстан ислам қозғалысы” ұйымының өткен аптада Карачи әуежайына жасаған шабуылына жауабы. Пәкістан әскерилерінің ақпаратына сенсек, 15 маусым күні содырлардың сегіз нысанына әуеден соққы жасалған. Соңғы мәліметтер бойынша,  әскери операциядан 100-ден астам содыр қаза болды. Қаза болғандардың арасында әуежайға шабуылды ұйымдастырған топ басшысы да бар деген дерек бар. 

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары