КӨРІКТІ КӨКШЕ – ТУРИЗМ ОШАҒЫ

КӨРІКТІ КӨКШЕ – ТУРИЗМ ОШАҒЫ

КӨРІКТІ КӨКШЕ – ТУРИЗМ ОШАҒЫ
ашық дереккөзі
247

Көкшетау өлкесі қазақ туризмінің ошағы екені даусыз. Осы айда ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дәл Көкше жерінде өткізілуі тегін емес. Ақмола облысының Бурабай кентінде өткен кеңес жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Үкіметінің мүшелері мен Қазақстан аумағында жұмыс істейтін және біздің еліміздің экономикасы үшін ірі инвесторлар болып табылатын шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. 

Осы кеңес аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның индустриалды бағдарлама­сындағы шетелдік инвестициялар – 2010-2014» көрмесін айрықша атап өтуге болар. Мұнда «Әбу-Даби Плаза», «Астана ЭКСПО-2017», «Көк Жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы сияқты жобаларды іске асырудың барысы таныстырылды. 

Бұдан басқа, Қазақстан Президентінің назарына Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың және Borovoe country club қала сырты коттеджді кентінің, гольф-клубының, сондай-ақ Назарбаев Университеті ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары ұсынылды. 

Көлбай ЖЕҢІС

Астана 

Серіктес жаңалықтары