"Эйр Астананы" сотқа бермекші

"Эйр Астананы" сотқа бермекші

"Эйр Астананы" сотқа бермекші
ашық дереккөзі
163

f7378e20d67a207ab871076c39d535e4.jpg

 

Себебі компания ұшақта бар
орыннан артық билет сатқан. Сөйтіп билет алып қойған көптеген жолаушылар
уақытында ұша алмай, рейстен қалып қойған. Аталмыш әуе компаниясы өзінің коммерциялық
тәуекелдерін жолаушылар есебінен өндіріп
алмақшы. Бұған депутаттың өз отбасымен болған жайт куә.

«30 наурызда 6 жолаушы, төртеуі
менің кәмелетке толмаған балаларым Шымкенттен Астанаға ұшпақшы болады. Билеттер
он күн бұрын – 20 наурызда алынған. Оларды рейстен алып астап, екі кішкене
балаға отырғызу талонын береді де, екі үлкен балама бермейді.  Себебі билет таусылған, ұшақта орын жоқ. Отбасым
амалсыздан ұшаққа отырудан бас тартуға мәжбүр болады. Нәтижесінде олар Астанаға
Алматы арқылы ұшып келді», – деді Азат Перуашев Мәжілісте экономикалық
реформаға қатысты өткен комитет отырысында. Әрине, мұндай жағдайға тап болған
жалғыз бұл отбасы емес. «Эйр Астана» қызметін пайдаланатын кез келген жолаушы
осындай жағдайға кезігіп жатқанмен, тұтынушы ретіндегі құқықтарын қорғай
алмайды. Себебі шетелдік инвестор мен
компанияның жауабы дайын.

«Менің отбасыма ұшаққа VIP есік арқылы отыруларың
керек деген, егер олардың депутаттың балалары екенін білгенде міндетті түрде
бортқа шығаратын еді деген желеу айтыпты. Бірақ мәселе менде емес. Төрт
жұлдызды белгісі бар, Еуропадағы ең үздіктер қатарындағы компанияның
Қазақстанның қарапайым жолаушыларына деген құрметінің жоқтығында. Мысалы,
әке-шешесі депутат емес, тіпті еш жерде жұмыс істемейтін жолаушылардың жай-күйі
не болмақ? Меніңше, кез келген азаматтың жақсы қызметке және өз құқықтарының
қорғалуына құқы бар», – деді Перуашев отырыста.

Бұл мәселеге орай жазған жауабында «Эйр Астана»
президенті Питер Фостер өкініш білдіріп, бұл мәселені білмегенін және
қарастыратынын жеткізген. «Әрине, сіздің балаларыңызды рейстен алып тастауға
құқы жоқ болатын. Дегенмен бұл дүниежүзілік тәжірибеде бар нәрсе, билет «запаспен»
сатылады десе керек. Себебі компания осылай өзін-өзі сақтандырады екен. Дүниежүзілік
тәжірибе өз алдына, алайда жолаушылар есебінен өз ақшасын шығару – дөрекілік.
Себебі батыс компанияларының қай-қайсы да тұтынушылар құқы мен адами
құндылықтарды басты орынға қояды.

Депутат Питер Фостердің бұл жауабына
қанағаттанбайтынын айтты. «Қарапайым азаматтар монополистің өктемдігінен
қорғалмаған. Дамыған Еуропа елдерінде жолаушыларға мұндай көзқарас мүлде жоқ.
Ұшаққа жолаушы келмесе бұл – әуе компаниясының өзінің коммерциялық тәуекелдері.
Мұны жолаушыға жаба салуға болмайды. Компаниялар мұндай жағдайды алдын ала
сақтандыруы тиіс», – дейді Перуашев мырза. Расында, соңғы кездері «Эйр Астананың»
өктемдігі туралы ұзынұлақтан бірнеше мәлімет естіген едік. Тіл мәселесін алға
қоятын компания хабарландыруларының қазақшасын қате жазады. Сондай-ақ адам аз
рейстерді біріктере салатынды шығарған. Ал билеттердің бағасы қымбат. Мысалы,
тура осындай қашықтыққа ұшатын ресейлік компаниялардың билет бағасы 40-45
пайызға арзан. Бұл жантүршігерлік мәселеге Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі (ТМРА) назарына да алмаған.

Бұл орайда компанияның артық билеттер сатып, кейбір
жолаушыларды орынсыз қалдырғаны әрине дөрекілік. Сондықтан тура осындай
жағдайға байланысты Ресей жуырда әуе компанияларына ұшақта бар орыннан артық билет
сатуға айыппұл салған. Бізге де осы тәжірибені қолданған жөн сияқты. Депутат
Азат Перуашевтің айтуынша, бұл мәселенің ара-жігін ажыратудан көптеген құзырлы
органдар бас тартқанмен, Көлік және коммуникация министрі ғана осы істі қолға
алуды жөн санап отыр.

Серіктес жаңалықтары