Балабақша алаңына көлікпен басып кірген әйелге сот үкімі шықты

Балабақша алаңына көлікпен басып кірген әйелге сот үкімі шықты

Балабақша алаңына көлікпен басып кірген әйелге сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
300

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында Татьяна Семченкоға үкім шығарылды. Татьяна Самченко үстіміздегі жылдың мамыр айында көлігімен «Таугүл» ықшам ауданындағы №58 балабақшаның ойын алаңына басып кіріп, 1 баланың өліміне себепкер болған еді. Енді азаматша сот үкімі бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, Татьяна Семченконың 5 жылға дейін көлік жүргізуге құқығы жоқ. Сот үкімінен белгілі болғандай, көлік иесіне қайтарылады және Семченконың мүлкіне салынған тыйым алынып тасталды. Татьяна Семченко сот отырысында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраған. Бірақ оның сұрауы қанағаттандырылмады. Ал азаматша өз кінәсін толық мойындап, барлық балалардың ата-анасынан кешірім сұрады. Айта кетейік, бұған дейін айыпты азаматша өзінің анкологиялық сырқатқа шалдыққаны туралы анықтама көрсеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары