Оймақтай ой! Роскосмосқа сонша жердің қажеті қанша?

Оймақтай ой! Роскосмосқа сонша жердің қажеті қанша?

Оймақтай ой! Роскосмосқа сонша жердің қажеті қанша?
ашық дереккөзі
222

Айдос Сарым

Роскосмостың ресми өкілдерінің
мәлімдеуінше, ресейлік «Восточный» жаңа ғарыш айлағы 700 шаршы метр жерді
иеленетін болады. Мамандардың пікіріне сүйенсек, бұл «Байқоңырға» балама
болатындай ғарыш айлағын салуға толығымен жеткілікті көрінеді.  

Әлемдік 
тәжірибе көрсеткеніндей, әлемдік ғарыш айлақтары барлық инфрақұрылымымен
300-ден 1000 шаршы метрге дейінгі аумақты иеленеді екен. Бұл – құпиялылық ережесін
сақтауға, ғарыш кемелерін ұшыруға, ұшыру алаңдарына, қызметкерлерді
орналастыруға және ұшыру инфрақұрылымдарын салуға толығымен жететін көрінеді. Бүгінгі «Байқоңырдан» жалға алып отырған ғарыш айлағының аумағы – 6717 шаршы
метр (зымыран қалдықтарының құлау алаңын қоспағанда),. Ғарыш айлағының ұшыру
аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай – 85 шақырымға, батыстан шығысқа – 125 шақырымға
дейін созылып жатты. Сонымен бірге ұшыру алаңына Қазақстан территориясында
зымыранның ұшу жолымен 500 шақырымға дейін созылған өлшеу пунктері де еніп
кетеді. Әрі зымырандардың жарамсыз қалдықтарына
арналған жалпы аумағы 4,8 млн гектарға тең  22 алаң да бар.

Бұдан туындайтын
сауал: не үшін осынша жерді Ресейге жалға беріп отырмыз? Ғарыш айлағы үшін
жалға берілген ұланғайыр аумақ – КСРО-дан қалған ескі көзқарастың және сол
замандағы құпиялылықтың  салдары. Бүгінде
оны қажет еткен адам оның барлық бүгесі мен шігесіне қанық.  Неге осы жерлерді біртіндеп қайтарып алып,
ғарыш айлағын жалға бергеннен  түскен қаржыны
осы жерге салмасқа. Сондай-ақ, әрбір ұшырылған зымыраннан жерді қайта өңдеу
үшін белгілі дәрежеде пайыз өндіріп алып, оны өз азаматтарымыз бен
фермерлерімізге ауылшаруашылығы нысаны үшін пайдалануға неге бермеске?


Орысшадан аударылды

Серіктес жаңалықтары