САДЫҚБЕК ХАНГЕЛДИН

САДЫҚБЕК ХАНГЕЛДИН

САДЫҚБЕК  ХАНГЕЛДИН
ашық дереккөзі
547

САДЫҚБЕК  ХАНГЕЛДИНҚазақ әдебиеті тағы бір қарымды қаламгерінен айрылды. 78 жасқа қараған шағында ақын Садықбек Хангелдин дүниеден озды.

Ол 1937 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласының іргесіндегі Тереңсай ауы­лында дүниеге келді. 1961 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. 1969 жылы Алматы жоғары партия мектебін тәмамдады. Еңбек жолын 1955 жылы Қызылорда локомотив депосында қатардағы жұмысшы болып бастаған ол, 1959 жылдан Қызылорда облыстық радиосының дикторы қызметін атқарды. 1962 жылдан комсомол қызметінде: Қызылорда облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, идеология жөніндегі хатшысы, Қызылорда қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің насихат және мәдени-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болды. 1974 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімінің нұсқаушысы, кейін осы бөлімнің кадр даярлау секторының меңгерушісі, 1979 жылдан Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінің ғылым-білім және мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті кадр басқармасының бастығы, Алматы облыстық және қалалық радиосының бас редакторы, 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті кадр басқармасының бастығы қызметтерін жемісті атқарды. 1997 жылдан зейнеткер.

Ежелден жыр өлкесі атанған қасиетті Сыр топырағының ақынжанды перзенті С.Хангелдин қоғам өміріне белсене араласқан осындай сан-салалы, жауапты қызметтер атқара жүріп, шығармашылықта да өнімді еңбек етті. Ол «Пернелер», «Шапақты шақ», «Уақыт сазы», «Күтемін сені», «Сенім», «Ағынды арна», «Аңсаған әнім», «Сұлу Сырдың сырғасы» сынды жыр жинақтарының және «Жанартау жүрек» атты таңдамалы кітаптың авторы.

Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Аяулы азамат, ақын Садықбек Хангелдиннің есімі әрдайым ел жадында сақталады.

Қазақстан Республикасы 

Мәдениет министрлігі

Қазақстан Жазушылар 

одағы басқармасы 

Серіктес жаңалықтары