«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 25 ЖЫЛ

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 25 ЖЫЛ

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА – 25 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
371

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына  түрткі болған  «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына биыл 25 жыл толды.  Бұл дата өткен аптада Алматыдағы Ғалымдар үйінде салтанатпен аталып өттті. Ширек ғасыр өмір сүрген антиядролық ұйым ел тарихына жарқын беттер сыйлады. Жапан далада жапа шеккен халқымыздың қасіретін жаһанға  жария етіп, зияны жоқ деп сендірген жерасты  сынақтарына тосқауыл қойды. 

1989 жылдың 28 ақпанында құрылған «Невада-Семей» қозғалысы өзінің басты мақсаты – Семей полигонын жабумен ғана айналысқан жоқ сонымен қатар ядролық қуатқа ие басқа елдерді де осынау үлгілі тәжірибеге талпындырды. «Әрбір жары­лыстан кейін жер астындағы сызаттардан улы газ әуеге жайылып, бірнеше ондаған шақырымдарға созылған қалың бұлт пайда болды. Ғалымдардың есептеуінше, бұл қара бұлт желдің бағытымен далаға кетуі тіис еді. Алайда шопандар ауылына қарай ойысқан улы газ жел өтімен әскери қалашық пен Семей қаласына қарай бет алған.  Бұл ақиқатты Олжас Омарұлына армиялық авиация ұшқышы айтады. Сол кезде жаңадан құрылып жақан қозғалыс белсенділері КСРО Жоғарғы Кеңесіне хат жазу керек деп шешті. Алайда бірінші хатпен, бірінші қозғалыспен ештеңе шешіле қойған жоқ. «Бірақ халық та, билік те бұл қауіпті сынақтарды тоқтатудың маңыздылығын түсіне бастады. Семей полигонының жабылуы қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының басты символы болды», – деп еске алады белгілі ақын Олжас Сүлейменов.  Бұл символға Америка да үн қатты. 1991 жылы Семей полигоны жабылды, 1992 жылы Америка Невададағы өз полигонында  сынақтарын тоқтатты. Одан әрі барлық полигондар тоқтаған болатын. 

Бұл қозғалыстың бастамасы қолдау тауып, 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны мәңгілікке жабылды. Ал еліміз ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір мемлекет ретінде әлемге танылды. «Адамзаттың өзін-өзі өлтіру құралын дамытуға тосқауыл қойған шешімді бірінші болып қабылдаған Қазақстан халқына адамзат бір кездері өз алғысын да айтар», – деді аталмыш ұйымның төрағасы, жазушы-ғалым Олжас Сүлейменов. 

Ақниет ОСПАНБАЙ 

Серіктес жаңалықтары