ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ МІНДЕТ

ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ МІНДЕТ

ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ БАСТЫ МІНДЕТ
ашық дереккөзі
1143

Алматыда  «Саяси үдерістердің аймақтануы: Еуропа тәжірибесі және еуразиялық интеграция аясындағы Қазақстан мен Ресейдегі жағдай» атты алқалы жиын  өтті.

Дөңгелек үстелді өткізуге «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубы мен
«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы мұрындық болды. Еуразиялық
интеграцияның бүгіні мен болашағы және соның аясындағы Батыстың тәжірибесі сөз
болған жиынға саясаттанушылар, экономистер және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға жиналған қауым қазіргі әлемде интеграциялық үдерістердің экономикалық
тұрғыдан аса өзекті екенін атап айтты. Аталған мәселе біркезгі посткеңестік
мемлекеттер үшін де аса маңызды мәнге ие. «Интеграция не үшін керек?» деген
сауалға жауап іздеген экономика ғылымдарының докторы Айгүл Түлембаева қазіргі
жаһандану жағдайында мемлекеттердің өзара әріптесіп, былайша айтқанда бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығаруға тырысуы, табысқа жетудің ең тиімді мүмкіндігі екендігін
тілге тиек етті. «Бұл ретте аймақтық әріптестіктің маңызы зор болады» деді ол. Өз
кезегінде саяси ғылымдарының докторы Ирина Шевцова шекаралық немесе аймақтық
сауда, мәдени әрі ғылыми пікір алмасу ел мен елдің арасындағы әріптестік аясын
кеңітіп, бір жағынан халықтың әл-ауқатын жақсартуға да себепші болатынын айтты.
Ғалымның пікірін толықтыра түскен халықаралық бизнес Академиясының профессоры
Дулатбек Қыдырбекұлы «Қазақстанмен қабырғалас жеткен ресейлік өңірлердің сыртқы
экономикалық жағдайын назарға алсақ, бүгінгі күні біздің елдің РФ-дағы көптеген
субъектілердің негізгі сауда серіктесіне айналып отырғанына көз жеткізуге
болады» деді. 

Дөңгелек үстел қонақтары бұдан сырт: «Еуропадағы оқиғалардан қандай сабақ
алуға болады?», «Еуразиялық интеграция жағдайында аталған үдерістердің алдағы
жылдағы тенденциясы, бағыт-бағдары қандай болады?», «Аймақаралық және шекаралық
әріптестік ел мен елдің арасындағы экономикалық байланысты қалай қамтамасыз
етеді?», «Кеден одағы және болашақта құрылғалы отырған Еуразия экономикалық одағының
аясында әкімшілік-территориалді бірліктердің сыртқы экономикалық байланысын
жетілдірудің жолдары қандай?» деген сан-салалы сауалды талқылады.

Серіктес жаңалықтары