Түркістандықтар «Абай әлемімен» қауышты

Түркістандықтар «Абай әлемімен» қауышты

Түркістандықтар  «Абай әлемімен» қауышты
ашық дереккөзі
223

Қасиетті қарашаңырақ, қазақтың рухани ордасы – Абай, Шәкәрім, Мұхтардай даналардың асыл мұраларын жинақтап отырған Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының «Абай әлемі» көрмесін киелі Түркістан тұрғындары тамашалап, ұлылар шығармашылығынан сусындады.

Ұлы ақынға тағзым ете отырып, дана Абай мұрасынан рухани нәр алуға, оның ақындық-өнер айналасын тануға, Абай мұражайының бай тарихын тереңінен таныстыруға бағытталған көрме жастарымыздың тарихи санасының жоғары деңгейде қалыптасуына, Абай әлемінің мәдени құндылықтарын, «Мәңгілік ел – Отанға» деген сүйіспеншілік сезімін жас ұрпақтың бойына сіңіруге, мәдениетімізді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. 

Көрменің ашылу рәсімі Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Ж.Ибрагимовтің алғашқы сөзімен ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры М.Садықбеков, Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасының мүшесі Ж.Бейсенов келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың директоры Г.Дүйсенбаева келген қонақтарды құшақ жая қарсы алып, жылы лебізін білдіріп, жиылған зиялы қауым алдында Абай мұражайын алғыс хатпен марапаттады. 

Экспозицияға 60-қа жуық көне кітаптар, этнографиялық жәдігерлер, Абай мұражайының баспа өнімдері мен 11 бөлімнен тұратын ақпараттық көрме қойылды.

Бүгінгі таңда халқымыздың тарихы мен мәдениеті туралы терең зерттеп, оның барған сайын шоқтығының биіктей беруін көңілдерінің алаңына айналдырып, өмірлерімен сабақтастырып отырғаны үшін Абай мұражайы қызметкерлері Түркістан қаласының тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директоры мен қызметкерлеріне алғыс айта отырып, екі мекеме арасындағы рухани байланыстың өркендеуі жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеп, Абай мұражайының баспа өнімдерін сыйға тарту етті. 

Салтанат Мұқатаева, 

Абай қорық-мұражайының ғылыми хатшысы

Серіктес жаңалықтары