«Адем» саудагерлеріне жаңа сауда алаңдары берілді

«Адем» саудагерлеріне жаңа сауда алаңдары берілді

«Адем» саудагерлеріне жаңа сауда алаңдары берілді
ашық дереккөзі
300

Сәуір айында күллі көкке ұшқан «Адем» сауда үйінің саудагерлеріне тілсіз жау қанша шығын әкелгені белгілі болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы филилынан мәлімдеуінше, материалдық шығынның көлемі 240 млн. теңгені құраған. «Адем» сауда үйіндегі өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің мүддесін қорғау үшін бірқатар мемлекеттік органдармен Меморандум бекітіліп, арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссия саудагерлерден келіп түскен өтініштерді қарай келе, шығын көлемін анықтады. «300 өтініш бойынша келген шығын көлемі 240 млн. теңгеден асты. Жедел штаб 9 отырыс өткізіп, кәсіпкерлердің 15 банктегі несие қарызы бойынша да мәселелер шешілді», – дейді Алматы қаласы КП меморгандармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің басшысы Бекежан Құнтаев. Бір өкініштісі, комиссия отырыстарына Алматы қалалық ІІД өкілдері қатыспапты. «Ішкі істер департаменті бірде бір отырысқа өз өкілдерін жібермеді. Біз оларды сан мәрте шақырдық, жазып жіберулерін өтіндік», – дейді құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Қайрат Құдайберген. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізг «Адем» сауда орталығының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, өрттің салдарынан жылы орындарынан айрылған саудагерлерге «Адем-2,3» блоктарынан 342 орындық сауда алаңын алып берді. Сайда үйінің басшылығы берілген орын үшін кәсіпкерлерден 6 ай бойы ақы алмайтын болды.

Серіктес жаңалықтары