БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ашық дереккөзі
182

Балалар үйінің табалдырығын аттай бергенде
алдымыздан жүгіріп шыққан балақайлар жамыраса амандасты. Қазақша. Бәрінің де жүздері
жарқын. Ал көңілді күлкі көмкерген залға енгенде қазақтың ұлттық киімін киіп, қолдарына
домбыра ұстаған балаларды көрдік. Бәрі де мерекелік концертке дайындалып жатқан
еді.

1 маусым – Балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай, жыл сайын Қазақстан
аумағында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Балалардың уайым-қайғыдан ада, күнәдан
пәк күлкілері де дәл осы күні сыңғырлайды айрықша. Бүгін біз Алматыдағы №2
«Алтын ұя» Балалар үйінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық  партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық
филиалы ұйымдастырған мерекелік шараға қатысып қайттық. «Нұр Отан» партиясының
«Бақытты балалық шақ» жобасы шеңберінде өткізілген концерт жетім балалар мен
ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыда бейімделуге жағдай
жасауды көздейді.

Мерекелік
концерттің басты қонақтарының бірі – Алматы қалалық сотының төрағасы Ештай Ақжан
Жайлауханұлы балаларға жүрекжарды тілегін айтып, мерекелік сыйлық ретінде жиһаз
сыйға тартты. Ал «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мауленов Нурлан Онласынұлы балаларға тәуелсіз
елдің тәуелсіз азаматы болу үшін сабақты жақсы оқу және тәртіпті болу
керектігін ескертіп, оларға ноутбук сыйлады. Ал партияның қоғамдық саяси бөлімінің
кеңесшісі Сүлейменова Меруерт Хадышқызы Баллар үйінде тәрбиеленіп жатқан өскелең
ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлейтініне, қазақы құндылықтарды бойға сіңіре
білгеніне риза болып, тәрбиешілер қауымына алғыс айтты.

Шара соңында №2 Балалар үйінің директоры Шатаева Ақмарал Баубекқызы концертті
тамашалауға келген қонақтарға «Алтын ұя» тәрбиеленушілерінің мерекелік қуанышын
бірге бөліскеніне алғыс айтты.

 

 

Серіктес жаңалықтары