Ренат Баситовтың денсаулығы қалпына келді

Ренат Баситовтың денсаулығы қалпына келді

Ренат Баситовтың денсаулығы қалпына келді
ашық дереккөзі
213

Қазақстандық эстрадада өз орнын алған «Азия» тобының
мүшесі Ренат Баситов жол апатына ашырап, ауыр жағдайда ауруханаға
жеткізілгендігі ғаламторда жарияланған еді. Ренаттың өнердегі әріптестері
әлеуметтік желілерде әншіге 4-ші топтағы қан керек екендігін хабарлады. Сол
қолын қатты жарақаттаған өнер иесі қазір сауығып келеді.

Жол апаты Балқаш қаласынан Алматыға келе жатқан жолда
орын алған. «Азия» тобының мүшелері Балқашқа бейнебаян түсіруге барған. Апатқа
ұшыраған көлікте Ренаттан өзге, сол топтың әншісі Нұрсұлтан Батырқұлов, бейнебаянға
түскен актриса қыз Әзиза және шаш сәндейтін, бет әрлеуші екі қыз болған. Қарсы
бетте келе жатқан үлкен жүк көлігі Ренаттың тізгініндегі көлікті қатты сырып
өткен. Көліктің Ренат отырған жағы түгел жұлынып кеткен. Көп қан жоғалтқан
Ренат Баситовке ота жасалып, қазіргі уақытта денсаулығы түзеле бастады. Әншінің
мыңдаған тыңдармандары әлеуметтік желілер арқылы Ренаттың сауығып кетуіне
тілектестік білдірді.

Есін жиғаннан кейін 31 арнаға сұхбат берген Ренат Баситов
бұл оқиғаның өзіне үлкен сабақ болғанын айтты. Көпшіліктің дұға-тілектерінің
арқасында аман қалдым деген әнші алдағы уақытта халық үшін қызмет етемін деп
ақтарыла сұхбат берді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Ренаттың жары және 7
жастағы ұлының суреттері де жарияланып, көрермендер Ренаттың тағы бір
жаңалығынан хабардар болды.

Серіктес жаңалықтары