ҚАЗАҚ ИНВЕСТОРЛАРЫН КҮТЕМІЗ

ҚАЗАҚ ИНВЕСТОРЛАРЫН КҮТЕМІЗ

ҚАЗАҚ ИНВЕСТОРЛАРЫН КҮТЕМІЗ
ашық дереккөзі
192

Жуырда Түркияның
Теле-радио Жоғарғы кеңесі тарапынан Македония мен Косовоға сапар ұйымдастырылды.
Осымен алтыншы рет «Болашақпен байланыс семинары» тақырыбында өткізілген шара
барысында біз Үскүпте (Скопье) Македонияның Түркі
елдерімен байланыс министрі Хади Незир мырзамен сұхбаттасқан едік.

 

Мақсатымыз – Түркі елдерімен
байланыс орнату


– Незир мырза, өзіңізді таныстырып өтсеңіз?


Македонияда Мемлекеттік министрмін. Басты мақсатым – Македония  мен Түркия, Орта Азия, Кавказ елдерімен
байланыс орнату. Үкімет басында екінші кезеңді аяқтап қалдық. Жуырда бізде
парламенттік сайлау өткенін білесіздер. Осы лауазымды үшінші кезеңде жалғастырам
ба, жоқ па, ол әзір белгісіз. Негізі мен македониялық түріктер атынан сайлауға
түскенмін және министрлікке тағайындалғаныма өте қуаныштымын. Өйткені Түркия
мемлекетімен, Кавказдағы немесе түбі бір түркі елдері мен Македония арасында
экономикалық, рухани, мәдени, білім т.б. салаларда тығыз-қарым қатынас орнатып,
ынтымақтастықта болуға ықпал ету мен үшін үлкен мәртебе.

– Экономикалық байланыс орнатуда инвестиция
тарту аса маңызды. Сіз атаған елдердің қалталылары Македонияға қаражат құюға қаншалықты
мүдделі?


Біздің елге инвестиция құюға ниеттенген шетелдік азаматтар үшін өте жақсы жағдай
жасалған. Қазіргі таңда Македонияда Еуропада, Америка, Австралия мен Канададан
инвесторлар жұмыс істеуде. Әлбетте, Түркиядан қаржы салған инвесторлар да
баршылық. Әуежай, банк т.б. нысандарға қызығушылық танытқандары көп. Алдағы уақытта
Қазақстан, Әзірбайжан,Қырғызстан, Кавказ секілді басқа да елдерден инвестиция
тартамыз деген сенімдемін. Өкінішке қарай, қазір Қазақстаннан келген бірде бір
инвестор жоқ.

– Оның себебі неде?

– Мүмкін
біздегі шарттар мен талаптардан бейхабар шығар немесе әлі де уақыт керек.
Македония бұғанасы қатпаған бала сияқты жас мемлекет. Тоқсаныншы жылдары
Югославияның таратылуы нәтижесінде пайда болған жаңа алты елдің бірі. Сондықтан
Қазақстан кәсіпкерлері де Македонияға назар аударады деген үміттемін.

Түрікше жақсы біледі
екенсіз. Жат жұртта жүргенде Ана тілді жетік меңгеру қиын емес пе?


Менің туған және өскен ортам – түрікше. Тілім де түрікше
шықты. Бастауыш мектепті македонияша, ал жоғары оқу орнын сербше бітірдім. Бүгінде
Македониядағы үріктер атынан Түрік Демократиялық партиясының мүшесі ретінде
сайлауға түсіп, парламенттік сайлауда жеңіске жеткендер қатарындамын. Югославия
ыдырағаннан кейін Косовода түріктер, арнауыттар (албандар), сербтер өздерінің
партияларын құрды. Қазір Түркиядан кейін түріктер байрағын шекара сыртында
ресми түрде желбіреткен – біз. Ай мен жұлдыздың астына Түркия демократиялық партиясы деген атаудың алғашқы
бас әріптерін қойдық. Парламенттік сайлаудан соң, әрі 2006 жылы
депутат болдым, ал 2008 және 2011- де екі рет министрлік лауазымға бекітілдім.
Күні кеше өткен жаңа парламенттік сайлаудан кейін үшінші мәрте министр боамын
деген үміттемін. 

– Македония түріктеріне шенеунік болуқиын емес пе?

–Өте қиын. Сапалы да нәтижелі түрде тынымсыз еңбек етіп, өзіңнің
кім және неге қабілетті екеніңді дәлелдеуің керек. Егер сайлаушылар сенімін ақтай
алмасаң, екінші мәрте депутат не министр болу мүмкіндігінен айрыласың. Маңдайыңнан
сипап кез келген қателігіңді кешетін ешкім жоқ мұнда. Бірнеше жылдан бері
адамдардың игілігіне қызмет етіп келеміз. Үкіметке көмектесіп, Македонияға
инвесорлардың келуіне ықпал етудеміз. Егер осы қарқыннан таймасақ, кез келген үкіметтен
бізге орын табылатыны анық. 

 

  «Оппозицияның тілегі орындалды»


– Кеше
сайлауда жеңіске жеткен македониялық оппозиция өкілдері Парламентке депутаттықтан
өз еріктерімен бас тартқан көрінеді…

– Оппозиция өкілдері алдымен кезектен тыс сайлау өткізуді
талап етті. Олардың өтііші қабыл етіліп,
кезектен тыс сайлауда адамдар дауыс берді. Бірақ саяси науқанда олар жеңіліске ұшырады.
Оппозицияның ойындағысы орындалмаса, халықтың өкңіліен дұрыс шыға алмағаны ғой.
Өз міндеттерін мүлтіксіз атқара алмағаны. Егер сайлау қорытындысымен келіспесе,
әділетсіздіктерге жол берілді десе, Парламентке келіп атйуы керек. Ең бастысы,
халықтың басым бөлігі оппозицияны қолдамады. Оған дауыс беру қорытындысы дәлел.
Негізі парламенттік сайлау келесі жылы, яғни, 2015 жылы өтуі
тиіс еді.

– Алайда,
мұндағы оппозиция өкілдері сайлау барысында заңсыздықтарға жол берілді, дауыс
беру қорытындысы бұрмаланды деген мәлімдеме жасады ғой.
Ол не себепті?

– Дауыс беру кезінде ешқандай заң бұзушылық не әділетсіздік
болған жоқ. Саяси науқан кезінде АҚШ-тан,
Еуропалық мемлекеттерден, басқа да саяси құрылымдардан тәуелсіз бақылаушылар
мен Македониядағы әртүрлі елдердің төтенше және өкілетті елшілері қатысты.
Олардың ешқайсысы заң бұзылды деп дабыл қақпады. Түріктерде “жығылған күреске
тоймайды” деген бар. 

Дәл осы мақал қазақтарда
да бар.

– Солай ма?.. Міне, байқап отырғаныңыздай, оппозиция өкілдерін
өзекке теуіп не алалайтындай жайт болған емес. Басты
тілектері кезектен тыс сайлау еді, Македония үкіметі оған да келісті. Егер жеңіске
жете алмаса, оған өздері кінәлі. Халық қазіргі үкіметтің жағында.

Бүгінгі биліктің басты
артықшылығы неде?

– Елдің экономикалық және
әлеуметтік ахуалы жайлап жақсарып келеді. Адамдар үшін ең бастысы: екі қолға
бір күрек пен нанын қиындықсыз тауып жеу. АЛпыс бестен астам жаңа жұмыс
орындарын ашты. Мәселен, Македониядағы түріктер соңғы төрт жылда 600-ден астам
жас маманымызды жаңа жұмыс орындарына орналастыруға мүмкіндік алдық. Бәлкім, бұл
сан сіздер үшін тым аз көрінетін шығар. Алайда, Македония шеңберімен салмақтасақ,
өте көп. 2008 жылы министрлікке тағайындала салысымен мен елде арнайы зерттеу жұмыстарын
жүргіздім. Көз жеткізгенім, Македония тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдар тұрмақ,
1945 жылдан бері Югославия аумағында бірде бір түрік азаматы мемлекеттік қызмет
атқармапты. Қазіргі билік мемлекеттік жұмыстарға түріктердің белсене араласуына
барынша жағдай жасауда. Бұған дейін біздің түсімізге де кірмеген білім саласына
бүгінде сегіз түрік жасы жұмысқа алынды. 

Бүгінде түріктер үшін ең
басты проблема не?

– Білім алу. Ондаған жылдан
бері білім саласы македониялық түріктердің осал тұсы саналып келді. Түрік
тілінде білім алу қиын болатын. Бірақ соңғы жылдары алпыс сегіз түрік сыныбы
ашылды, балаларымыз Ана тілінде еш кедергісіз сауат ашуда. Егер осындай жақсылықтарды
көре алмаса, біз кінәлі емеспіз.

– Түрікше
білім алған жастар жоғары оқу орындарын да түрік тілінде жалғастыра ала ма?

– Егер университетте түрікше оқығысы келсе, педагог және
түрколог мамандығы бойынша білім алады. Егер
бұл мамандықтарды қаламаса, Түркияға барып басқа мамандықтар бойынша оқиды. Қазір
Түркияда біздің мыңнан астам жас маманымыз жүр. Олар жоғары оқу орындарын ілім
алудағ кейбірі ғылыми дәрежесін қорғау үшін дайындалуда.

  «Түрік жастарын жұмыспен қамтимыз»


Македония халқының қанша
пайызы түріктер?

– Қазіргі таңда Македония халқының төрт пайызға жуығы, яғни,
120 мыңнан астамы түріктер. Олардың жиырма пайыздайы
жастардың үлесінде. 

Түркияда білім алған
жастар Македониядан жұмыс таба ала ма?

– Біздің ең басты
проблемаларымыздың бірі осы. Македония жас мемдекеттер қатарында. Экономикасы
мен өндіріс ошақтары енді жамып келеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейі жоғары.
Түркияда оқыған жас мамандарды Македонияға енді келген түркиялық фабрика, құрылыс
нысандары тарапынан біртіндеп жұмысқа тартуды көздеп отырмыз. Егер
стаитистикалық мәліметтерге сүйенсек, Македония – Болгария немесе Балқан түбегіндегі
өзге елдерге қарағанда оңай әрі қауіпсіз өмір сүруге болатын ел. 

Македониялық түрік
жастары көбінесе қандай мамандықты таңдайды?

–Әртүрлі. Экономикадан бастап гуманитарлық салалардың барлығын.
Ең бастысы, елге оралғанда оларды жұмыспен қамтамасыз етудің жолдарын қарастырып
жатырмыз. Ең
бастысы, македониялық экономикаға шетелдік инвесторларды тарту. Жер шарының түкпір
түкпіріне жайылған мамандарымыз бүгінде біздің еліміз туралы жан-жақты мағлұмат
беруге, жарнама жасауға тырысуда. Мен
Македония арасында байланыс құруға Қазақстан, Түркіменстан, Әзірбайжан сияқты
елдер мүдделі болса деймін. Шетелдік инвесторларға жасалатын жеңілдіктерге
келсек, оларды алдымен инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі. Сосын бір еуроға
жер жалға беріледі. Бұл тегеніңіз тегін көмек саналады. Жалға алған жерге
фабрика не зауыт салғаннан кейін он жыл бойы салықтан және кедендік баж салығынан
босатыласыз. Егер осында өндірген өнімді еуропалық мемлекеттерге импорттағыңыз
келсе, құжаттар толтыру жеңілдетіліп, тегін аратуға мүмкіндік бар. Ең бастысы,
Македония экономикасына қаражат салуға мүдделілік таныту.

– Жұмыстарыңызға жеміс тілейміз. Әңгімеңізге
рахмет!

Әңгімелескен Нәзия Жоямергенқызы

    Алматы
– Үскүп – Алматы

Серіктес жаңалықтары