ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КІТАБЫ

ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КІТАБЫ

ДОСТЫҚ ЖӘНЕ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КІТАБЫ
ашық дереккөзі
306

Қытайда алғаш рет қытай тілінде жарық көрген Қазақстан Республикасының Президенті туралы «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті туралы очерктерінің» («Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерктер») тұсаукесері – тарихи оқиға болды. Бұл тұсаукесер көршілес екі елдің достығын тереңдете түседі. Кітап алғаш рет 2008 жылы қазақ тілінде жарияланған болатын.

 Өткен жылдың қазан айында Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжінде саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің жиырма жылдық зерттеуінің қорытындысы ретінде қытай тілінде шыққан кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта белгілі адамның өміріндегі көптеген белгісіз фактілер көрсетілген және кітапты оқып, Қазақстан туралы толық мағлұмат алуға болады. Кітаптың тиражы 2000 дана, 348 парақ болып Бейжіннің «Халық» баспасынан шыққан. Қытайдың ірі интернет кітапханалары Amazon, Wang Wang Tokyo, Chinese internet book және т.б. да кітапханалар аталмыш кітапқа ие болды. Бұл оқиғаға Қытайда тұратын қазақтар шын жүректен қуануда. Олардың бұл кітапты қалай оқып, қалай танысқандығы туралы ҚХР азаматы, Үрімші қаласының тұрғыны Сайран Сәдуақас хабарлады. Ол 1983 жылы Алтай округының Бұрылтоғай ауданында орта мектепті бітіріп, Синьцзянда экономикалық мамандық алған. 1995 жылдан ғылыми жұмыстармен айналысып, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, аспирантураға түсіп, «қазақ тілінің әлеуметтік функциялары» атты диссертация қорғап, ғалым атағын алған. Қазір Синьцзян университетінде дәріс беріп жүр. 

Қазақ, қытай халықтары сонау ерте уақыттан өте тығыз қарым-қатынаста. Ежелгі сақ, үйсін, ғұндар кезінің өзінде екі ел арасында сауда-саттық және дипломатиялық байланыстар қалыптасқан. Көршілестік дәстүр қазірде жалғасуда. 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Назарбаев университетінде» былтырғы жылдың күзінде оқыған дәрісінде екі мың жыл бұрын Хань қытай династиясының елшісі Қазақстан жеріне екі рет бейбітшлік және достастық миссиясымен келгендігін айтып, бұл пікірді растады. Бұл оқиғалар Қытайдың Орталық Азиямен достастық байланысының кеңеюіне септігін тигізіп, Шығыстан Батысқа қарай Жібек жолының бағытын ашқан. Әр түрлі ұлттан, діннен, мәдениеттен тұратын елдер теңдік, өзара сыйласушылық және қайтарымды пайда рухын ұстанатын болса, бірігіп дамуға қол жеткізіп, толықтай бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алады.

Автор көрсеткендей, Қазақстан аз уақыт ішінде түбегейлі экономикалық реформаларды жүзеге асырды, нарықтық экономиканың негізі қаланды, көлемді жекешелендіру жүргізілді, жеке меншік секторына қол жеткізді, ұлттық валюта енгізілді, экономикалық құрылымда қызмет көрсету және пайдалану секторы жылдам қарқынмен дамып, «дефицит» ұғымы күнделікті тұрмыстық қолданыстан шығып қалды. Экономиканы реформалау процесі таза ақ парақтан басталды, халық нарықтық реформаға бейімделуге мүлдем дайын болған жоқ. Осындай қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев миллиондаған адамның тағдырын өз қолына алып, жауапкершілікпен үлкен жетістікке жетті. Батыстық инвесторлармен алғашқы келісім-шарттар жасалынды. Халықтың қажеттілігіне, мүддесіне, мұқтажына сәйкес ішкі және сыртқы мәселелерді теңдей шешу де Президенттің еңбегі. Өркениет тарихында ядролық қаруды жақтаған елбасылар аз емес, бірақ тек біздің Президент ғана бұл қырып-жоюшы қарудан алғашқы болып бас тартты. Бұл әлем тарихындағы лидер мен халықтың біріге таңдау жасап, кейіннен мемлекеттің дамуының стратегиялық бағытына айналған ең бірінші тәжірибе.

Тәуелсіздік жылдарында Нұрсұлтан Назарбаев көптеген мазмұнды саяси идеялар мен инициативаларды ұсынды. Қазақстандық лидер ТМД, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, «Экспо-2017» сияқты құрылымдардың инициаторы болды. Оның интеграциялық инициативасына Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, сондай-ақ 2003 жылдан бері Астанада үздіксіз өткізіліп келетін әлем діндері лидерлерінің Съезін толықтай жатқызуға болады. 

Ұлт Көшбасшысы жаңа идеялардың тек инициаторы ғана емес, сонымен қатар оларды жүзеге асырушы болып табылады. Тәуелсіз дамудың 22 жылында біздің елдің болашақтағы іргетасын қалайтын негізгі құндылықтар жасалынды. Бұл құндылықтар – уақыт елегінен өткен қазақстандық жолдың тәжірибесі. 

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана. Екіншіден, біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшлік және келісім. Үшіншіден, зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, индустриализация және инновацияға негіздеген экономикалық өрлеу. Бесіншіден, Жалпы Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, тарих, мәдениет және тілдің жалпылылығы. Жетіншіден, ұлттық қауіпсіздік пен жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешуге біздің елдің жаhaндық қатысуы. Бұл мемлекет құрушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жаңа Қазақстандық патриотизм және ұлттық идея – «Мәңгілік елдің» идеялық негізі жатыр. 

Н.Назарбаев туралы кітап қазақтар тұратын барлық аймақтарға таратылды. Қазақстан-Қытай шекарасында қаншама уақыттан бері Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО)өмір сүріп келеді. Өз үкіметі, басқарудың жергілікті органдары, қазақ мектебі, оқу орындары, газеттер, қазақ тіліндегі радио және теледидары бар. Автономиялардағы бірінші әкімшілік қызметтерді, ҚХР Конституциясы бойынша, міндетті түрде титулды этностың өкілдері иеленуі тиіс. ІҚАО-да – бұл қазақтар. Қазақтар көбіне білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, сақтандыру, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету, сондай-ақ партия, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдарында қызмет атқарады. ІҚАО-да миллионнан астам қазақтар тұрады. Үрімші қаласында және оның маңайында қазақ қауымдастықтары өте көп. СУАР, Пекин, Шанхай және т.б. да аймақтардан қазақ отбасыларын немесе кішігірім топтарды кездестіруге болады. Қытайлықтардың мәліметтері бойынша, Қытайдағы қазақ этносы өкілдерінің саны 1,5 млн. құрайды және Қытайдағы саны бойынша 16-орында.

ҚХР-дағы қазақ диаспорасы негізінен елдің батыс бөлігінде, әсіресе Синьцзянда тұрады, сондай-ақ қазақтардың біраз бөлігі Ганьсу және Цинхай провинцияларында орналасқан. Қытай оларды мемлекет халықтарының көпұлтты отбасысының тең құқылы мүшелері ретінде қарастырады. 

Осы кітапты Қытай қазақтары оқи отырып, Қытай Халық Республикасының Қазақстан егемендігін мойындаған және біздің елмен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі екендігіне тағы да куә болды. Ынтамақтастық дамуын екі елдің басшыларының ресми сапарынан, сондай-ақ көптеген ғалымдар, мәдениет қызметкерлерінің делегациясының визиттерінен көре аламыз.

Қытайлық оқырмандар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР-на бірінші сапары ҚХР төрағасы Цзян Цзэминнің шақыруымен 1993 жылы болғанын, осы сәтте екі ел арасындағы шекараны реттеу ең басты мәселе болғандығын білді. Олар 1994 жылы сәуірде ҚР Президенті және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Пен Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара туралы негізгі келісім жасалынғандығы туралы да хабардар болды. Бұл тарихи оқиғаның нүктесін 1999 жылдың қарашасында Пекинде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Цзян Цзямин арасында жасалған «Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық мәселерді толықтай реттеу туралы коммюнике» қойды. 

Қытайдағы қазақтар Қазақстанда болып жатқан барлық процестерге қызыға қарайды. Қазақтардың соңғы дүниежүзілік құрылтайында қытай қазақтарының делегациясы ең көбі болды. Синьцзянда қазақстандық музыкалық ансамбльдердің және танымал орындаушылардың гастрольдері жиі өтуде. Қытайдағы қазақ жастары ҚР-ның ЖОО-да оқуға үлкен мүмкіндіктер алды. Сондай-ақ, айтарлықтай табыспен өткен «Қытайдағы Қазақстанның мәдениет күндері» қытайлықтардың жадында ұзақ уақытқа дейін сақталады. 

Аталмыш кітапта жазылғандай, екі жақты қарым-қатынастың даму деңгейін сипаттай отырып, Н.Назарбаев бірнеше жайттарды айқындап көрсетті:

Біріншіден, 2002 жылдың желтоқсанында дипломатиялық қарым-қатынастың негізіне айналған Қазақстан мен Қытай арасындағы көршілестік, татуластық және ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалынды;

Екіншіден, 2002 жылы екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны заңдық рәсімдеу аяқталып, мемлекеттік шекараның сызықтық демаркациясы туралы Хаттама жазылды; 

Үшіншіден, жылдан жылға екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық нығая түсуде. Бұл ынтымақтастықтың ең жоғарғы көрсеткіші әлемдік баспасөзде көп жазылған, арақашықтығы мыңдаған километрге созылған Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу болды. Бұл магистральдің құрылысы 2005 жылы аяқталды; 

Төртіншіден, біздің елдер Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде қарқынды өзара әрекеттесуде; 

Бесіншіден, біздің мәдени-гуманитарлық ынтамақтастығымыз кеңеюде. Қытайдың ең ірі қалаларында Қазақстанның мәдениет күндері өте табысты өтті. Сондай-ақ, Қазақстандағы Қытайдың мәдениет күндері де нағыз мерекеге айналды. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шең­бе­ріндегі қытай-қазақстандық ынтымақтастыққа сүйене отырып, Н.Назарбаев: «Біздер үшін ШЫҰ құру инициативасының Қытайға тиесілі болғаны өте маңызды. Қытайдың ең ірі держава, БҰҰ Қауіпсіздігінің кеңесінің мүшесі екендігін ескере отырып, бұл қадамға баға беру өте қиын», – деді.

Қытайлықтардың шығармашылық по­тенциалы, өмірсүйгіштігі барлық жер­де байқалады. Қытай қазақтары мәдени-гу­манитарлық салада екі елдің ынты­мақ­тас­тығының табысты дамып жатқандығы туралы ақ­парат алды. Қытайда шетелдіктерге қытай тілін үйрететін тәжірибе жинақталды. Қазіргі таңда 104 елде 357 Конфуций институты, ал қытай тілін шет тілі ретінде оқитын 100 млн адам бар. Бүгінгі күні Қытайда оқып жатқан 8 мыңнан астам қазақстандықтар бар, ал Қазақстанда екі Конфуций институты жұмыс істейді (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де). Бұл институттар қазақстандықтар үшін қытай тілі мен қытай мәдениетін үйренуге үлкен мүмкіндіктер тудырады. Қытай тілі Қазақстанда тарихтың барлық кезеңінде үлкен тәжірибелік мәнге ие болған. Бірақ оның жүйелі түрде оқытылуы тек XX ғасырдың соңында, яғни Қазақстан республикасының құрылуынан кейін орын алды. Тек 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің қазақ филология факультетінде шығыстану кафедрасы ашылды. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас екі елдің басшыларының жеке достастығымен тікелей байланысты. Осы уақытқа дейін ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚХР-на 18-ші сапарын жасады. 

2013 жылы Қытайдың ЖІӨ 13,5 трлн. американдық долларға жетті. Осылайша, ҚХР әлемдегі екінші экономикалық державаға айналды. Төраға Си Цзиньпин Қытайдың Қоммунистік партиясының құрылуының 100 жылдығына орай (2021ж.) толықтай орта жетістіктегі қоғамды құруды алға қойды. Ал ҚХР-ның құрылғанына 100 жыл толғанда (2049ж.) Қытай әлемдегі ең мықты державалар қатарында болуы тиіс.

Кеңес Биекенов,

социология ғылымдарының докторы, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің пофессоры

Гүлнәр Кенжәкімова, 

социология ғылымдарының кандидаты, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті

Серіктес жаңалықтары