ҚАНДАСТАРҒА ПАНА БОЛҒАН ЕДІ

ҚАНДАСТАРҒА ПАНА БОЛҒАН ЕДІ

ҚАНДАСТАРҒА ПАНА БОЛҒАН ЕДІ
ашық дереккөзі
469

Тағдырдың қалауымен, 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде оқудың сәті түсті. Ол кезде қара шаңырақ ҚазҰУ С. М. Кировтың атымен аталатын. Алмағайып заманның аумалы-төкпелі кезеңінде осы оқу орнын экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Көпжасар Нәрібаевтың 1991 жылдан 2001 жылға дейін басқарғаны мәлім. 

Осы жылдарда Қазақстан тәуелсіздігін алып, алыс-жақын шетелдерде жүрген қандастарын атажұртына шақырып, олардың бейімделуі, азаматтық алуы мәселесін құқықтық тұрғыдан жетілдіруді мақсат еткен еді. Бәлкім Қазақстанның сол кездегі басым құндылықтарына сай келді ме, жоқ әлде ректор Көпжасар Нәрібаевтың өзінің ерік-жігері осындай іс жасауға итермеледі ме, кім білсін, Қазақ ұлттық университеті 1994 жылдан бастап, университет тіркеуімен оралмандардың тұрақты тіркелуіне жағдай жасады. Және Қытай, Моңғолия, Иран, т.б. алыс-жақын шетелдерден оралған көптеген қазақ зиялылары осы шаңырақтан пана  тапты. Сөйтіп, оқу визасымен оралған қандастарымыз осында тұрақтап тұрып қалуға мүмкіндік алды. 

Кейіннен осы ҚазҰУ жанынан оралмандарға арналған дайындық факультеті ашылып, бір жылда мыңдай тыңдаушыны қабылдап, олардың болашақта Қазақстанда қалуын қамтамасыз етуде де біраз қадамдар жасаған еді. 

Қазір студенттер оқу визасымен Қазақстанда түбегейлі қала алмайды, бұрынғыдай тұрақты тіркеуге тұру мүмкіндігі де қарастырылмаған. Бізге мұңын шағып келген студенттердің жағдайын көргенде, ҚазҰУ-дың шетелден келген қандастарына пана болған сол бір жылдары есіме жиі оралады. Көпжасар Нәрібаев осы қара шаңырақтың  ректоры қызметін атқарып тұрғанда, қандасына көмек болар осындай игі істің бастамашысы болып еді. 

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары