Білікті заңгерлер еліміздің болашағы

Білікті заңгерлер еліміздің болашағы

Білікті заңгерлер  еліміздің болашағы
ашық дереккөзі
425

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жоғарғы оқу орнына түсуге үміткер әрбір жас талапкердің арманы. Студенттердің алтын ұясына айналған ҚазҰУ – Алматы шахарында орналасқаны бәріне аян. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Соның ішінде қазіргі көп сұранысқа ие факультеттердің бірі – заң факультеті. Бұл факультет бүгінгі таңда классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі. Заң ғылымдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қабырғаларында беделді орынға ие. Өзінің 55 жылдық тарихында факультет көптеген құқық саласындағы мамандарды: сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындауда жетекші орын алады. Заң факультетінің ғылыми беделі оның жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауда қосқан айтарлықтай үлесімен айқындалады. Факультетте Құқық саласындағы көптеген мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға арналған екі диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істеп келеді. Ғылыми кадрлардың дайындығы магистратура, аспирантура және PhD докторантурасы арқылы жүргізіледі. Ғалымдардың ғылыми зерттеулері заң ғылымдарының теориясы мен тәжірибесі сұраныстарының даму қажеттілігімен айқындалған. Заң факультетінің қазіргі кез­дегі құрылымы, оның про­фессорлық-оқытушылық құра­мы­ның қалыптасуы, ғылыми потен­циалының құрылуы бірнеше кезең­дерден өткен.

Соның ішінде елімізде Заң факультетінің дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметі Қазақстанның қоғамдық өмірімен, еліміздің экономикасының қажеттілігімен, құқық саласындағы жоғары білікті ғылыми, тәжірибелі кадрлармен қанағаттандыруымен тығыз байланыста болып келеді. Сондықтан да нағыз білімді де білікті заңгерлерді дайындауда ҚазҰУ-дың заң факультеті таптырмас білім ордасы деп нық сеніммен айтуға болады.

Әділғазы Серікхан,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің оқытушысы 

Кеден, қаржы және экологоиялық құқық кафедрасы.

Серіктес жаңалықтары