Үйлену оңай, үй болу ше?..

Үйлену оңай, үй болу ше?..

Үйлену оңай, үй болу ше?..
ашық дереккөзі
198

15 – мамыр Халықаралық отбасы күні. Адамның қалыптасуы отбасынан басталады. Сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», – десек артық емес. Отбасы – әр қоғам мүшесін қалыптастыру мен дамытуға итермелейтін махаббат, түсінік пен ізгі ниетке толы орта.  

Осы айтулы күнге орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 12-13 мамыр күндері қала бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Жігер» жастар денсаулық орталығы, «Ерлер денсаулығы» орталығы, «Неке және жанұя» медициналық орталығы және Әділет басқармасының мамандарының қатысуымен кең ауқымды акция ұйымдастырған еді. Акция барысында тұрғындар өзіне қажетті тегін кеңестер алып, бойын, салмағын, артериалды қан қысымын өлшетуге мүмкіндік алды. Сонымен бірге, отбасын жоспарлау, денсаулықты қорғау тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық оқыту материалдары да таратылды. 

Сондай-ақ, 14 мамыр күні журналистерге арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Әлеуметтік саясаттың маңызды бір сәті ана мен баланы қорғау, ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, болжамды өмір сүру ұзақтығы 2013 жылы 69,6 жасты құрады және табиғи өсімінің 3 пайызға ұлғаюына байланысты оның өсуінің бет алысы байқалды. Туу көрсеткішінің өсімі 1,8 пайыз болып, 1000 адамға шаққанда 27,3 құрады. 2012 жылы бұл көрсеткіш – 26,8 құраған болатын ана өлімі 6,7 пайызға, бала өлімі 17 пайызға төмендеді. 

Сонымен қатар, 2013 жылы Тараз қалалық Әділет басқармасында жаңа туылған 9 839 сәби тіркелсе, 3 882 рет ресми түрде жас жұбайлар некесін қидырыпты. Өкінішке қарай, тұз-дәмдері жарасым таппаған 1187 жұптың некесін бұзуға тура келгендігін де айтып өту керек. Тек көңілге медеу тұтарлығы отбасылардың ажырасуы былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда біршама төмендеген. 

15 мамыр күні АХАЖ бө­лі­­мінде ресми түрде 25 жұп некелерін заңдастыруға өтініш беріпті. Неке қию салтанатында Тараз қалалық Әділет басқармасының же­тек­шісі Гүлнар Кушекова жас жұбайларды құттықтап, алғашқы неке куәліктерін табыс етті. Осындай кең ауқымды іс-шаралардың мақсаты тұр­ғын­дардың репродуктивтік денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, мезгілсіз жүктілік пен жасөспірімдік жүктіліктің алдын алу жөнінде ақпараттылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар отбасы, әсіресе жас, толымсыз, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару.

Шолпан Тайжанова,

Облыстық 

денсаулық сақтау 

басқармасының баспасөз орталығының маманы

Серіктес жаңалықтары