Пеле

Пеле

Пеле
ашық дереккөзі
196

 

Мәселен, әлеуметтік
қажеттіліктер мен баспанаға қажетті қаржыны ұлғайтуды талап етіп отыр. Олар
биліктің чемпионатты өткізуге миллиардтаған доллар жұмсағанына наразы. Сонымен қатар турнирдің басталуына небәрі
бір айдан аз ғана уақыт қалғанымен, бірнеше стадион әлі де дайын емес.

Десе де бұл
наразылық акциялары Бразилия 2014 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие
болған кезде көтеруі керек еді. Себебі бұл мемлекеттің халқы кедейшілікте өмір
сүреді. Халқы тығыз орналасқан қалаларда жұмыссыздық пен қылмыс көбейіп кеткен.

Бразилияда
футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Дүниежүзі мемлекеттерінің сарғая күтіп отырған айтулы шарасын отандық
ұлттық арналар трансляциялайтын болады.

f9ba96f7d6ae2703e97795f454454373.jpg

Жұртшылық әсіресе мұндай ауқымды шараға жұмсалатын есепсіз қаржыға алаңдаулы.

Рио-де-Жанейрода
«Бейбіт Рим» деп аталатын ұйым билікке елдің білім беру саласын
қаржыландырудың аздығын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету деңгейінің
төмен екенін алға тартты. Спорттық киім
киген балалар футбол добын ұстап, кедей аудандардың біріндегі мектепте
отыр. Шараны ұйымдастырушылар билік халықтың талабына құлақ асады деген
үмітте.

Серіктес жаңалықтары