Мүслім Өмірияев ісінің тергеуі аяқталды
Мүслім Өмірияев ісінің тергеуі аяқталды
Ауылшаруашылығы вице-министрі Мүслім Өмірияев ісіне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. «Айыпталушыға қатысты тергеу аяқталды. Қазір ол қорғаушысымен бірге сот ісімен танысуда. Одан кейін айыптау қорытындысы прокуратура органдары арқылы сотқа беріледі», – дейді Қаржы полициясы.
Мүслім Өмірияев былтыр 100 мың
доллар көлемінде пара алды деп айыпталған болатын. Ол мемлекеттік сатып
алуларды үлестіру бойынша кәсіпкерге көмектескені үшін сыйақы ретінде пара
алған. Бұл Ауылшаруашылығының абыройын
төккен жалғыз жайт емес. Бұл оқиғадан кейін іле-шала Ауылшаруашылығына қарасты
Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақтыбаев та парамен ұсталған
болатын. Бақтыбаев ісіне қатысты сот 2014 жылдың 14 мамырында басталған, ал
айыпталушы әлі де болса өзі кінәсін
мойындаған жоқ.