Жас футболистер Бразилияда

Жас футболистер Бразилияда

Жас футболистер Бразилияда
ашық дереккөзі
236

 Елімізде Қазақстан Футбол Федерациясының басшылығымен мектеп оқушылары
арасында футболдан турнир ұйымдастырылған болатын. Ересек балалар
арасындағы «Coca-Cola Былғары Доп» турнирі бірнеше баланың болашағын
айқындап берді.

Турнир жеңімпаздары жазда Бразилияда өтетін футболдан
әлем біріншілігіне жолдама алды


  Үш үздік ойыншы талай аяқдоп
шеберлерін әлемге танытқан Бразилияға аттанбақшы. Жас ойыншылар Тараз қаласының
№48 орта мектебінің оқушылары. Қарсыластарын ойсырата жеңген команда
ойыншыларынан үздік үш ойыншыны таңдау қазылар алқасына берілді, нәтижесінде
Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілді Байшақовтың төрағалығымен
Тәукехан Жүніс, Шадияр Арынтай және Ізбас Марат мұхит асып, әлемнің ең қызықты
турнирлерінің бірін тамашалауға мүмкіндік алды.

  Жолдама
алған жеткіншіктердің атақты футболистермен танысуға мүмкіндігі болады.
Сондай-ақ шеберлік сабақтары да көрсетіледі.

  Бұл
Қазақстандағы жастар футболының дамып келе жатқанын көрсетке керек. Себебі
әлемнің 21 мемлекеті ғана осындай мүмкіндікке ие болып отыр. «Біз «Coca-Cola Былғары
Доп» турнирін жыл сайын өткізуге тырысамыз. Биыл жеңілдіктер алып,
ойыншыларымызды Бразилияға жіберу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Coca-cola компаниясы
балаларға айтулы шараны іштей тамашалап, соның бір бөлшегі ретінде сезінуге
мүмкіндік береді», – деді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының үкіметтік
және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Алима Исембаева.

  Жыл сайын аталмыш турнирге
қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Себебі бұл балалардың болашағына
деген үлкен үміт мен сенім тудырады. Сондай-ақ жас ойыншылар өздерін көрсетіп,
үлкен футбол клубтарына жолдама ала алады.
«Coca-Cola Былғары Доп» турниріне жылына 5 500-ге жуық бала қатысады.

Серіктес жаңалықтары