ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
ашық дереккөзі
300

Алматы қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау жариялайды. 

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау.

Байқаудың міндеті: мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларды көтермелеу.

Байқаудың шарттары: байқауға тіл саясаты, мемлекеттік тіл  ахуалы туралы өткір де өзекті материалдар жариялаған жекелеген журналистер төмендегідей номинация­лар бойынша қатыса алады:

«Баспасөздегі үздік журналист» –баспасөз материалдары бойынша;

«Интернет-сайттағы үздік журналист» – сайт материалдары бойынша;

«Үздік тележурналист» – телебағ­дар­ламалары бойынша;

«Үздік радиожурналист» – радиобағдар­ламалары бойынша.

Байқау 2013 жылғы 1 шілдеден  бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларды қамтиды. 

Жеке авторлар байқауға қатысу туралы Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш береді. Байқауға қатысатын материалдарын жарияланған түрінде (газет, журнал, сайт беттері, бейне және аудиожазбалар) өткізеді.

Байқау Баспасөз күнінің қарсаңында қорытындыланады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен ақшалай немесе бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Телефон: 2631527; 87078070102. эл.пошта: nurkyz999@mail.ru. 

Серіктес жаңалықтары