Қазақтың қас батыры - Ер Жәнібек

Қазақтың қас батыры - Ер Жәнібек

Қазақтың қас батыры - Ер Жәнібек
ашық дереккөзі
775

Алматыда Rixos қонақ үйінде «Еліне ұран болған Ер
Жәнібек» атты баспасөз мәслихаты болып өтті. ОндаXVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға қарсы
ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған қаһарман батырлардың бірі Ер Жәнібек Бердәулетұлының
300 жылдығына орай жарық көрген басылымдардың тұсаукесер рәсімі өткізілді.

ba7c24cb37bdacb7aec514f0ae6dd2c5.JPG

Ер Жәнібек – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,
Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян, т.б. баһадүрлермен үзеңгілес тұлға. Абылай
ханның бас батырларының бірі ретінде халық жадында терең зерделенген, ауыз
әдебиеті үлгілерінде көп кейіптелген тарихи тұлға. Ер Жәнібектің өмірі мен
ерлігі жайында ел аузында бірнеше толғау, дастандар мен аңыз-әфсаналар
сақталған. Солардың ең көлемдісі Қытай қазақтарының рухани көсемі Ақыт қажы Үлімжіұлының
“Жәнібек батыр” дастаны. Бұл дастан ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек әдебиеттер мен қолжазбалар қорында
сақталып, кейіннен қадым жазуынан қазіргі кириллица әрпіне түсіріліп,
“Бабалар сөзі” жинағы мен ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі
жарыққа шығарған “Қазақтың батырлық жырлары” антологиясына
енген.  Батыр жайында Бұқар жырау,
Үмбетей жыраулардың жыр-толғаулары мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбалары біздің
заманға жеткен. 

08d890891894337aa381e16474d4d901.JPG

Шежіре жөнімен таратса, Ер Жәнібектің үлкен
нағашысы атақты Қаздауысты Қазыбек би, өз нағашысы Сарыүйсін Досымбет батыр.
Өзі Абайдың атасы Өскенбайдың туған нағашысы. Өскенбайдың Ермек есімді анасы Ер
Жәнібекктің қызы. Аңыздың айтуынша, Керей елінің туын Ер Жәнібекке Қожаберген
батыр-жырау аманаттаған деседі.

7fb810d21f20ecdd2a309e1bbc13f449.JPG

Қазақ халқының тарихнамасы бойынша
Бердәулетұлы  Жәнібек 1714 жылы Сыр  бойында туған.  Бүгінгі шарада «Ер Жәнібек – 300 жыл»
анықтамалық-библиографиялық ғылыми жинағы, Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан
Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романы,  «Керейде
батыр Жәнібек»  аудиобейне
жинақтарының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесері рәсіміне филология
ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, Алматы қалалық мәслихатының
депутаты Төлеубек Мұқашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының
І орынбасары Талғат Мамашев, “Ер Жәнібек” халықаралық қорының
президенті 

d91ac4115c463b2723b28961d30bf393.JPG

Мақсұт Темірбаев, “Ер Жәнібек” халықаралық қорының вице-президенті
Жеңіс Түркия, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан, филология ғылымдарының
кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері Базарбек Атығайлар қатысып, Ер Жәнібек
Бердәулетұлының ел тарихында алар орнын айшықтады. Мәселен, Тұрсынбек Кәкішев
оның қазақтың баһадүр батыры десе, Талғат Мамашев Ер Жәнібектің Абылай ханның
оң тізесінен орын алған ерлігін әспеттеді. Еліміздің шығыс қақпасының кеңеюіне
әрекет еткен, Жоңғарлармен соғыста Абылай ханның бас сардарларының бірі болған
Ер Жәнібек жайында бүгінгі ұрпақтың білетіні тым аз. Там-тұм десе де болады. Туғанына
300 толған батыр бабамызды ұлықтау тек соңғы жиырма жылдың ғана еншісіне тиеді.
Өйткені, қылышынан қан тамған Советтік кезеңде батырларымызды ұлықтау былай
тұрсын,  атын атаудың өзіне тыйым
салынған жоқ па? Міне осы мәселелердің барлығын жиналған көпшілік талқысына
салған шара соңы батыр бабамызға ас берумен аяқталды. 

c96ff3e1dd6ccd3cbe13b770b882c488.JPG

Серіктес жаңалықтары