ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!
ашық дереккөзі
491

«Түркістан» газетінің жарық көргеніне 20 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «екі дүниенің есігі, ер Түріктің бесігі» атаған «Түркістан» десе, елеңдемейтін адам жоқ. Газеттің алғашқы керуенінің бұйдасын ұстаған марқұм Қалтай ағамыздың есімін екінің бірі біледі. «Газет – халықтың айнасы» делінетін қастерлі қағиданың орнықты айтылғанына Сіздің газеттің әрбір саны бұлтартпас айғақ бола алады. 

Алғашқы санынан бастап халқына шынайы тілекші бола біліп, елдік санамызды қалыптастыруда, халық мұрасының асыл қазыналарын насихаттауда елеулі еңбек сіңіріп келеді. Егемен еліміздің қалыптасу кезеңінің куәгері болып, Ахмет Байтұрсыновша айтқанда, бүгінде «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналып отырсыздар. 

Бұл – журналистер қауымының қарымды қимыл-қарекетінің нәтижесі, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, біріккен жұмыстарыңыздың мәуелі жемісі. 

Баршаңызды, газеттің барлық оқырмандарын құттықтай отырып, отбасыңызға шаттық пен сәттілік, шығармашылық шабыт тілеймін. 

Жазар жақсылығымыз көп болсын! 

Құрметпен, 

Батыс Қазақстан  облысының әкімі 

Нұрлан Ноғаев

Серіктес жаңалықтары