ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!
ашық дереккөзі
202
Өзі жарық көре бастаған 20 жылдың ішінде ұлтымыздың шынайы үнжариясына айналып үлгерген «Түркістан» газетін еліміздегі ойлы да салиқалы, білікті де беделді басылымдардың бірі, әрі бірегейі ретінде танимыз. Өзіндік дара ұстанымымен басқа басылымдардан әрдайым ерекшелініп отырған «Түркістан» оқырман ойын заманның биік талаптарына сай идеялармен,  біліммен сәулелендіріп келеді. Тек қазақтың ғана емес бүкіл түркі жұртының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, жырын жырлаған «Түркістан» газетінің құрылғанына 20 жыл толған бүгінгі қуанышына біз де ортақпыз. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан Сізді және бүкіл ұжымыңызды газеттің құрылғанына 20 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Шығармашылық ұжым мүшелерінің дендеріне саулық, бастарына байлық, қаламдарына қуат, көңілдеріне шабыт тілейміз!

Құрметпен,

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының 

бірінші орынбасары 

Талғат Мамашев 

Серіктес жаңалықтары