191
ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!
ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!
Сіздерді және газет оқырмандарын басылымның 20 жылдық мерейлі тойымен шын жүректен құттықтаймын!
Іргетасы осыдан жиырма жыл бұрын қаланған «Түркістан» газеті – еліміздің баспасөз тарихында өзіндік орны бар, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Ел мүддесі жолында атқарып жатқан зор еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, еңбектеріңізге шығармашылық табыс және отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басып, оқырмандарға ой салар мақалаларыңыздың көп болуына тілектеспін.
Ел-қоғам алдында абыройларыңыз арта берсін!
Ізгі ниетпен,
ҚР Премьер-министрінің
бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев