ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!
ашық дереккөзі
207

Сізді және «Түркістан» газетінің ұжымын 20 жылдық мерейтойымен шынайы құттықтаймын! Қатаң бәсеке қалыптасқан еліміздің ақпарат айдынында бұл сіздер үшін үлкен жетістік, биік асу екені анық. 

Ең алғашқы саны 1994 жылы жарыққа шыққан «Түркістан» ел тәуелсіздігінің, жетістіктерінің жаршысына айналды. Бүгінгі қазақтілді басылымдар арасында лайықты орны бар, байыпты да, салмақты бет-бейнесі қалыптасқан тәуелсіз газеттердің қатарында «Түркістан» жиі аталады. 

«Түркістанның» басты ерекшелігі ретінде Елбасының саясатына, қоғамның рухани-мәдени мәселелеріне ерекше назар аударып, ел азаматтарын ұлты мен салт-дәстүрін құрметтеуге, елжандылық пен жалпы ұлттық мәселелерді кеңінен талқылауға шақыратын кешенді жұмыстарын атауға болады. 

Газет ұжымына шығармашылық ой ұшқырлығын, қызықты тақырыптар және батыл авторлық шешімдер тілеймін. Осы жолдағы жеңісті де, жемісті еңбектеріңіз еселене түсіп, алдағы уақытта да алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп болсын! 

Құрметпен, 

ҚР Байланыс және ақпарат

агенттігінің төрағасы

Асқар Жұмағалиев 

Серіктес жаңалықтары