Қазақстанның дәулетті 50 кәсіпкері

Қазақстанның дәулетті 50 кәсіпкері

Қазақстанның дәулетті 50 кәсіпкері
ашық дереккөзі
452

Журналдың тізімді
жасауға қатысқан жұмыс тобы бұл тізімнің отандық бизнестің ашықтығына тигізер пайдасы
бар дейді. Нарықтағы 65 ірі кәсіпкерден 50 кәсіпкер рейтингі жасалған. KASE-те
сауда-саттық жасайтын капиталы, мүліктік емес активтері есепке алынған.

Сонымен бірінші
орында ($2 200 000 000) –
Болат Өтемұратов. 56 жаста. Соңғы кездері банктерді сатып алуының арқасында
баспасөз беттерінен жиі көрініп жүр. Оның меншігіндегі дәулетті таразылаудың
қажеті жоқ шығар, былтырғы қазына көбеймесе азайған жоқ. Beeline Kazakhstan-ның
еншісі, Қазақстандағы Burger King, ForteBank пен Kassa Nova банкінде еншісі
тиесілі, «Темірбанктің» 79,88 пайызы, «Альянс банктің» 16 пайызын
Самұрық-қазына әл-ауқат қорынан сатып алуда.  

2. Тимур Кұлыбаев ($1
800 000 000). 47 жаста. Кәсіпкердің
басқа қаржы көздерінен өзге жарымен бірге ашқан «Холдинговая группа «АЛМЭКС» АҚ
бар. Оның құрамында «Народный сберегательный банк Казахстана» АҚ,  «Фирма «АЛМЭКС Плюс» ЖШС, «Кипрос» ЖШС,  «Меркурий 1999» ЖШС, «Жайыкқ Құрылыс-Газ» ЖШС,
«Ақсайгазсервис», «Қазбургаз», «Қазстройсервис».

080f62dfc6d3acec448f7e535dc209f3.jpg

Былтыр Швейцарияның
федералды прокуроры Патрик Лимон қаржыны жылыстатуға байланысты үш жылға
созылған істі тоқтатты.

Сондай-ақ
Құлыбаев мырза – ҚР Бокс федерациясының президенті. Ал жары Динара Құлыбаева
екеуі дүниеж.зілік кәсіпкерлер рейтингісінде Қазақстанның жалауын желкілдетіп
тұрған өкілдер. Сондықтан Қазақстандық рейтингіде екінші орын алуы орынды,
бұған дейінгі жылдары бірінші орынға жайғасқан болатын.

3. Динара
Құлыбаева. ($1 800 000 000). 46 жаста. Үшінші орында болуы да шартты дүние сияқты.

9f62a8facb02c1a6d5827fa5f4a8b6e5.jpg

Динара ханымның
иелігінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру ұлттық қоры бар. Қазақстандағы
«Мирас» жеке меншік мектебінің ашылуына түрткі болған. Жоғарыда әлемдік рейтингіде
жұбайы Тимур Құлыбаевпен қатар тұратынын айтқанбыз, сонымен қатар Forbes
журналы миллиардерлерінің ішінде Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел адам.

 4. Әлижан Ибрагимов. ($1 700 000 000). 59 жаста. Атақты үштік, ENRC құрылтайшыларының
бірі.

5. Владимир Ким. ($1 600 000 000). 53 жаста.

 6. Нуржан
Субханбердин. ($950 000 000). 49 жаста.

 7. Рашит Сарсенов. ($850 000 00). 65 жаста.

8. Асқар
Алшынбаев. ($800 000 000). 49 жаста.

 9. Айгүл Нұриева. ($780 000 000). 39 жаста.

 10. Евгений Фельд . ($730 000 000). 56 жаста.

Бұл алғашқы
ондық. Барлық мемлекет өздерінің бай және дәулетті, ықпалды бизнесмендерінің
тізімін жасауды дәстүрге айналдырған. Тіпті кейбір экономикалық басылымдар жыл
сайын жарияланатын бұл тізімді асыға күтіп, жаңа есімдерді іздейді. Алайда алпауыттар
арасынан орын алу оңай емес сияқты. Мысалы, Кеңес Рақышев ($635 000 000) ондықтан түсіп, биыл 11 орынға
тұрақтаған. Бар болғаны 35 жаста.

Бұл тізімді
қуалай берсек, түрлі саладағы кәсіпкерлерді кездестіреміз. Бірақ көпшілігі
мұнай мен энергетикаға қатысты компаниялардың қожайындары. Рейтингтің 32-орнында
 Бауыржан Оспанов ($225 000 000). 45 жаста. ZHERSU компаниясының басшысы.
Талдықорған көлік-электржелі компаниясының (ТАТЕК), «Корпорация Сайман», ZHERSU
POWER, А «ZHERSU METAL» АҚ, Alakol Plant зауыты, Kerneu Limited компанияларының
құрылтайшысы. Бір ғана Жер-су компаниясының жылдық табысы – 1,5 миллиард
долларды құрайды.

Мемлекеттік
қызметкер, шенеунік, әкім-қаралардың байлығы, дәулеті ашық болса, ықпалды
кәсіпкерлер тізімінен көріп, таң қалмас едік. Алайда Қоршаған ортаны қорғау
министрі Нұрлан Қаппаров ($110 000 000) – 43 орынға жайғасқан. Соңғы орындар
болғанымен, миллиардтаған капиталдық иесі. 44 жаста. Lancaster Group
құрушыларының бірі, 25 пайызына иелік етеді. Сондай-ақ соңғы кездері Қашаған
консорциумының жарылған құбырларын жасады деп жарияланған Lancaster ERSAI, SITEK
Caspian, Cape Caspian, «РТС Деко», «Сырымбет», Senko-Lancaster Silk Road
Logistics және басқа да компаниялардың құрылтайшысы және еншісі

d73afea84565c0f57644db17dd07db40.jpg

Қаппаров мырза тізімдегі жалғыз шенеунік емес. Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев ($110 000 000).  44 жастағы министрдің Lancaster Group-та 25 пайыз, «Қазинвестбанкте» 17,8 пайыз еншісі бар. Сондай-ақ біраз жанжал тудырған ERSAI Caspian Contractor компаниясына қатысы жоқтығын жариялады.

488f8d34ab43662ca63c3b17e6090d88.jpg

Бұл тізімнің
соңында, 48 орында Арманжан Байтасов. 44 жаста. Ол 31 арнаны ашуымен танымал. MUZZONE
арнасының 100 пайыздық қожайыны.

48. Арманжан
Байтасов

Серіктес жаңалықтары