АТА ЗАҢНЫҢ САҚШЫЛАРЫ
АТА ЗАҢНЫҢ САҚШЫЛАРЫ
Әділет департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Әділет департаменті қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
Тіркеу және құқықтық көмек көрсету комитетінде тіркелетін заңды тұлғалар, оның филиалдары мен өкілдіктерді қоспағанда, республика облыстарының аумағында жұмыс істейтін жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, жергілікті діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтар), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырлар мен басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу; сонымен қатар қоғамдық қорларды, оның филиалдары мен өкілдіктерін және заңды тұлғалардың бірлестіктерін (ассоциация немесе одақ нысанындағы )? Оның филиалдар мен өкілдіктері;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді бақылау;
Аумақтың нотариаттық палатасымен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтау;
Адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;
Бағалау қызметі саласында бағалаудың тәуекел деңгейінің өлшеміне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру;
Құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
Азаматтық хал актілерін жазудың ақпараттық жүйесін жүргізуді бақылау;
Жеке және заңды тұлғаларды зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.
Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметі осы бағыттарда жүргізілуде, мақсат – жұмысты одан әрі жетілдіріп, алға қойған басым міндеттерге қол жеткізу. Ол үшін жауапты тұлғаларға және құрылымдық бөлімшелерге негізгі қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жетістіктер мен кемшіліктер кеңінен талқыланып отырылады.
Әділет органдары көрсететін қызметтердің сапасы мен жеделділігін арттыру мақсатында Әділет органдардың қызметін автоматтандыру, соның ішінде азаматтар Интернет арқылы қызметтерге қол жеткізуі бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Халыққа қызмет орталығы арқылы қызмет түрлерін көбейтіп, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы жаңа құбылыстарға қатысты халық арасында түсіндірушілік жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы міндеттер Әділет департаментінің алдында өзекті мәселе болып қойылуда.
Есболғанова Гүлмира,
Алматы қаласы,
Бостандық ауданы
Әділет басқармасының басшысы