КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ИСЛАМДЫ АЛҒА ШЫҒАРАТЫН СИЯҚТЫ

КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ИСЛАМДЫ АЛҒА ШЫҒАРАТЫН СИЯҚТЫ

КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАП ИСЛАМДЫ АЛҒА ШЫҒАРАТЫН СИЯҚТЫ
ашық дереккөзі
488

Француз экономист Томас Пикетинің “ХХІ. ғасырдағы капитал” атты кітабы экономика тақырыбындағы кітабы  АҚШ-та ең көп сатылған (bestseller) кітаптар тізіміне еніп кетті.  Гарвард университетінін басылымдары арасынан 2014 жылы, 14 сәуір күні шыққан кітап екі аптада 80 мың данамен сатылған. Университет қызметкерлері таяу арада 200 мың кітап тағы сатылады деп болжауда.

Пикети байлық және табыс теңсіздігі туралы көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жалпы әлем бойынша адамдар арасындағы экономикалық теңсіздіктерінің арасындағы алшақтықтың барған сайын ұлғайып ақырында әлемдік  экономикалық дағдарысқа әкелетінін айтуда.

Мұның нәтижесінде экономикада олигархтардың пайда болып жалпы адамдардың сатып алу күшінің төмендеп әлемдік экономикалық өсу құлдырай бермек. Экономист Пикети осындай дағдарыстан шығудың жолы ретінде байлардан тек жылдық табыстарынан қана емес, сонымен бірге бүкіл мал-мүліктерінен де жылдық 2%  мөлшерінде салық алу керектігін ұсынуда.

Түптеп келгенде бұл Ислам дінінің  мал-мүліктің қырықта бірін, яғни 2,5%н зекетке беру қағидасы емес пе? Батыс әлемінің атақты экономистінің ХХІ ғасырда шығарған қорытындысын Ислам діні 1,5 мың жылдан бері уағыздап келе жатыр.

Сонымен қорыта айтар болсақ, осы талас-тартыстар батыстық ғалымдарды Ислам дінінің құндылықтарын көбірек зерттеп білуіне түрткі болатын сияқты. Сондықтан Карл Маркстың “Капитал” атты әйгілі еңбегі әлемде атеизмді, яғни дінсіздікті көтерген болса, Томас Пикетидің “Капиталы” дінді, әсіресе Ислам дінін алға шығарады деуге негіз бар.

Әбдіуақап ҚАРА,

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркемөнер

университетінің профессоры

Серіктес жаңалықтары