27 адамның өліміне 1 адамның кінәлі болуы мүмкін бе?

27 адамның өліміне 1 адамның кінәлі болуы мүмкін бе?

27 адамның өліміне 1 адамның кінәлі болуы мүмкін бе?
ашық дереккөзі
226

 

Міне, қызық… Бір ғана адамды 27
адамның өліміне себепкер деп тану біздің елде ғана кездесетін шығар, сірә.

Шекара қызметінің басшылығы
мінген АН-72 ұшағы 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент түбінде, әуежайға бар
болғаны жиырма шақырымдай қалғанда апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға
кезінде мерт болған 27 адамның жетеуі – экипаж мүшесі. Жиырма жолаушының он
тоғызы – шекара қызметінің басшылары. Олардың арасында ҰҚК шекара қызметі
директорының міндетін атқарған Тұрғанбек Стамбеков пен оның зайыбы да болған.
Әскери топ жылды қорытындыламақ мақсатта Астанадан Шымкентті бетке алып ұшып
шыққан. Алайда АН-72 әскери ұшағы діттеген жерге санаулы шақырым қалғанда, күл
талқан болды.

Алғашқыда апатқа себеп болған
басты фактор ауа-райының қолайсыздығы деп айтылған еді. Кейін әскери
прокуратураның мәліметінше, сол күні кезекте болған диспетчер әуе кемесін 2 мың
150 метр биіктікте негізсіз ұстаған. Прокуратураның пайымынша, апат тікелей әуе
кемесі экипажының қонуға белгіленген кестені бұзуы салдарынан болды. Өйткені, экипаж Ақылбековтен 2 минуттай уақыт
ұшақтың төмендеуіне рұқсат күткен.

АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына
кінәлі делінген “Қазаэронавигация” мекемесінің қызметкері, Шымкент
әуежайының диспетчері Қанат Ақылбеков алты жылға жаза арқалады. Бұдан бөлек
Ақылбековке жәбірленушінің талап-арызы негізінде 1 млн. теңге моральдық шығын
өндіру туралы шешім шықты. Оған қоса 892 мың теңге сот шығындарын да өтейтін болды.

Бір жыл төрт ай бұрын болған
апатты жағдайға қатысты сот шешім шығарды. Барлығы 42 томнан тұратын қылмыстық
іс екі айға жуық қаралған болатын. Сонымен, Ақылбеков Қанат Жұмабекұлы ҚР ҚК-нің 295-бабы 3-бөлігінде көзделген
қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бойы жалпы тәртіптегі
қоныс колониясында өтеу жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек үш жылға дейін
әуе-көлік авиациясында диспетчер қызметімен айналысу құқығынан айырылады.

Алайда,
ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, әділ үкім шықпағанын жеткізді. Ал
сотталушының әкесі Жұмабек Ақылбеков: «Ешқандай әділдік жоқ. Соттың өзі де
сатылған. Адвокат бәрін дәлелдегенімен, мән бермеген», – деді. Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» мекемесі басшылары да сот үкімімен келіспейтіндіктерін
мәлімдеді. Олардың
айтуынша, нақты келтірген дәлелдері сотта ескерілмеген. Үкім он бес күн ішінде
күшіне енеді. Айыпталушы тарап аппеляциялық сотқа талап-арыз түсіреміз деп отыр.

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары