Тұғырлы «Түркістан»

Тұғырлы «Түркістан»

Тұғырлы  «Түркістан»
ашық дереккөзі
281

Абзал БӨКЕН,  

халықаралық «Алаш» 

сыйлығының лауреаты

Газетті газет қып жаңадан,

Алғашқы кірпішін қалаған  –

Нар ағаң – Қалағаң.

Тәлім ап біз сондай данадан,

Тәрбие ап біз сондай дарадан

Хан болдық қарадан.

Дұшпан да табылып бір тұстан,

Қалтаймен қағынып қырқысқан,

Қабынып жұлқысқан.

Сау қалып сауысқан – сымпыстан,

Қырандай қияға кілт ұшқан

Тұғырлы «Түркістан».

Газеті болды ол халықтың,

Халықтай қайыспас алыптың.

Қадірін жаңа ұқтым –

Әбірәш ағама зарықтым,

Әбілмәжін аға деп қамықтым,

Осы екен анық мұң.

Дегенмен, ақ қардан аршып із,

Ағаны жалғады Шәмшіміз.

Ісіне тәнтіміз.

Жаңалық дегенге жаршымыз,

Ескілік дегенге қарсымыз,

Тік түсіп алшымыз.

«Түркістан» –  ел сөзі, ел үні,

Теңеген тентек пен теліні,

Рухтың өнімі.

Шыңдаған Дидаштай серіні,

Тыңдаған Жаңабек бөріні,

Биік тұр орыны.

«Түркістан» –  таусылмас мол қайнар,

Тұнығын сусаған шөлге айдар.

Бөтенге болды айбар.

Айбының Қазыбек, ол – Нұрқасым, 

Айбарың Олжаев, ол – Қайнар,

Алдаспан қылышың, 

Адырбекұлы, ол – Көлбай

Алдымен елді ойлар.

Мәйекті сөздері мұра бір,

Құлағын түреді құла қыр – 

Маңайы мың адыр.

«Түркістан» – Мырзандай қырағы ұл,

Қажығалидай пырақ ұл.

Және де Есенгүл, Жұмагүл.

Ермек пен Аманхан, Нұразхан,

Біздерде  істеді біраз «хан».

Бірінен бірі озған.

Сейфолла, Тынышбек біраздан

Айнымай қалыпты князьдан.

Жандар бұл – міні аздан.

Машбюро, коррбюро дегендер,

Ешқашан болмаған төменгі ел.

Әлі де төбемде ол.

Өлеңге сыймадық демеңдер,

Жазады басқа бір кемеңгер,

Қимылы менен зор.

«Түркістан» деген бір ат қойып,

Қалағаң тың тұсты жатты ойып.

«Шахтан» соң «мат» қойып.

Басред, сізге де, – дат, – дейік,

Жиырма жылдықты қабылда,

Шәмшидин Паттеев!

Дәм-тұзын шырын ұқ, шекер ұқ,

Тойға той ұласса, өте құп.

Тілегін төте ғып.

Жырының бұрымын жеке өріп,

Жалаудай әкелген көтеріп,

Мен – Абзал Бөкенов!

Серіктес жаңалықтары