Түркістан туралы ой толғамдардан
Түркістан туралы ой толғамдардан
АРИСТОВ Николай Александрович:
«Охот теңізі мен Мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі кеңістікті мекендейтін түріктер аз ғана өзгерістері бар бір тілде сөйлейді, яки ортаазиялық түркі якутты да, осман түркін де түсіне алады…».
(Бұл сөздер орыстың белгілі Шығысты зерттеуші – этнографы Николай Александрович Аристовтың «Түркі тайпаларының этникалық құрамы жайында жазбалар» деген еңбегінен алынды).
Мұстафа ШОҚАЙ:
«Түркістан» – түркілер елі деген сөз. Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпелілер империясын, түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты Сасанид әулеті кезіндегі (ІІІ-VIІ ғасырлар) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түркілер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай онымен сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап, шығысында Индке дейін жетіп жатты. Батыста түркілер екені Птоломейдің кезінде-ақ түркіше Даикс (яғни Жайық) атымен төңкеріліп жатты.
(«Түркістан» атты мақаласынан алынды).
«…Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. «Кімнен таяқ жегендей біздің түрік баласы, алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтін жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз! Онсыз біздің күніміз жоқ, құрып кетеміз. Құрымасымыз үшін, боспасымыз үшін күшімізді біріктіріп, иін тірестіріп, бір-бірімізге жәрдем беріп жүруіміз керек…».
(1935 жылы Берлин қаласында Түркістан жастарының алдында сөйлеген сөзінен).
Мағжан ЖҰМАБАЕВ:
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен…
(Ақынның «Түркістан» атты ұзақ өлеңінен алынды).
Еуразия құрлығының батыс-орталық бөлігінде бір үлкен жұрт жайыла қоныстанған, ол ертеден Тұран немесе Түркістан – түріктер елі деп аталады. Батысында – Орал өзені мен Каспий теңізі өңірінен, шығысында – Алтай мен Қытай шекарасына дейін, Оңтүстігінде – Персия мен Ауғанстаннан, Солтүстігінде – Тобыл губерниясы мен Том губерниясына дейін орасан зор аумақты алып, кең көсіліп жатыр, аса сирек қоныстанған тұрғындары түрік халықтарынан (қырғыз, түрікмен, өзбектер).
Ф.А.Броктауз бен И.А.Ефронның (Энциклопедиялық сөздігі», т. ХХХІV, 1902.
1994 ж.