Құрметті Шәмшидин Әшенқожаұлы!

Құрметті Шәмшидин Әшенқожаұлы!

Құрметті  Шәмшидин Әшенқожаұлы!
ашық дереккөзі
227

Барша астаналықтардың  және  Өзімнің  атымнан  Сізді және  газет  ұжымын 20 жылдық мерейтойларыңызбен шын  жүректен құттықтаймын!

Негізін  еліміздің  біртуар  қаламгері Қалтай  Мұхамеджанов  ағамыз  қалаған осынау басылым  бүгінде  тәуелсіз еліміздің  басты жылнамаларының  біріне   айналды.

Тегінде  баспасөз  елдік  даму  жолының  таптырмас тамыршысы іспетті. Қоғамда не бар, не жоқ екенін  түгендеуде, кімнің асыл,  кімнің  жасық екенін  түрлеп-түстеуде қай  үнжарияның да орны  өлшеусіз.

Бәлкім, осынау газеттің бүгінгі  биігі талайғы  тарих  тұрғысынан қарағанда екі онжылдық болып  қана  көрінер. Алайда  айтулы  басылымның мыңжылдықтар тоғысындағы  алмағайыпта жарыққа  шығып,  атқарғаны айрықша, көз жеткізгендері көңіл  қуантады. Қазіргі  таңда  алаш  руханиятының озат  санатына  енген  құндылық ретінде  көрсек, асылық  айтқан  болмаспыз. Өйткені  «Түркістанның» негізгі тақырыптық нысаны  оқырман  қызығарлықтай қажетті де бағалы. Түбі  бір  бауырлас түркі  халықтарының  мәдени, рухани  тамырластығын кең көлемде  насихаттап, олардың  тарихи  бірлігі  мен  тұтастығын барынша көсемсөздік шеберлікпен  берудесіздер.

Ел  руханиятының  тамыршысы ретінде оның жетістігін  ақ қағазға шежірелеп жүрген  басылымнан  барша  оқырман  кемел  кәсіби шеберліктерін көре бергісі  келетіні  анық. Сол бағытта  аянбай еңбектене берулеріңізге  тілектеспін.

Ұжым  мүшелерінің  басынан  береке,  ісінен  үйлесім  ажырамағай.

Құрметпен,                                                                                                    Иманғали  ТАСМАҒАМБЕТОВ

26 сәуір, 2014 жыл 

Серіктес жаңалықтары