Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!
ашық дереккөзі
279

Сіздерді 20 жылдық мерейтойлық белесті бағындырған мәртебелі мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймын!  

Сіздер егемен елімізбен бірге жасап, бірге өркендеп келе жатқан, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ақпараттық кеңістігінде халықаралық деңгейге көтеріле білген іргелі басылымның бірісіздер.

Шаңырақ көтерген күннен бастап, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқарудағы сындарлы саясатын біліктілікпен, іскерлікпен, асқан шеберлікпен халыққа насихаттап келесіздер. 

Сондай-ақ, еліміздің азаматтарын толғандырған сұрақтарды көтеру арқылы да қалың оқырманның жүрегіне жол тарта білдіңіздер. 

Қазақстанымыздағы жоғары заң шығарушы орган Парламент Мәжілісінің жұмысын насихаттауда да сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор. 

Осының барлығы Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, сіздердің «халықтың үніне, көзіне Һәм құлағына» айналған, айшықты басылым екендіктеріңіздің нақты көрсеткіші.

Алдағы уақытта да шығармашылық табыстарыңыз еселей артып,  абырой-беделдеріңіз биіктей берсін!  

Сіздерді және сіздер арқылы мыңдаған оқырмандарыңызды мерейтоймен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға ырыс-құт тілеймін!  

Құрметпен,  

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің Төрағасы                                                                       Қабиболла Жақыпов

Серіктес жаңалықтары