«Түркістан» газетінің ұжымына!
«Түркістан» газетінің ұжымына!
Тәуелсіздіктің таңсәрі шағынан ұлттық мүддені ту етіп, руханият пен мәдениеттің, ана тіліміздің шынайы жанашыры бола білген «Түркістан» газеті бүгінде халықаралық медиа-кеңістікте өзіндік орны бар, еркін ойдың, елдіктің үн жариясына айналды.
Бұл орайда, төл басылымда қолтаңбалары қалған ұлт қайраткерлерінің, қазақ журналистерінің, Сіздердей кәсіби ұжымның көл-көсір еңбегін ерекше атап өткім келеді.
Алдағы уақытта да қоғамдық саяси өмірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтік экономикалық салалардағы жетістіктерді, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын халыққа кеңінен жеткізуде газеттің ақпарат айдынындағы орны қашан да көшілгері болатынына сенімдімін.
20 жылдық мерейлі тойларыңыз құтты болсын!
Оқырмандарыңыз еселей өсіп, еңбектеріңіз жана берсін. Ұжымға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов